Бағдарлама игілігі – бұқараға - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Бағдарлама игілігі – бұқараға
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Бұқар жырау ауданының әкімдігі және салалық бағыттағы тиісті атқарушы органдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының игілігін тиімді пайдаланып, сол арқылы олқылықты ретке келтіру мен тұрғындардың тұрмыстық ахуалын арттыруды жүйелі жолға қойған.
Мәселен, биылғы жылы аталған бағдарламаның бірінші бағыты аясында аудан аумағындағы үш білім беру ошағы мен аудандық мемлекеттік мұрағаттың ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы қыркүйек айына дейін үш ауылдық округтегі клуб үйлерінде жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақшы. Аталған нысандардағы жұмыс ауқымын атқару кезінде 110-нан астам адам еңбекке тартылатын болады. Оларға жолдама аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы беріледі.
Бұдан тысқары, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 73 адамға шағын несие беру мақсатында 219 млн. теңге бөлу көзделген. Кәсіпкерлік негіздерін оқып, үйрену үшін 39 адам оқытуға жіберіліп, кәсіби дайындық шараларымен 20 адам қамтылады. Сондай-ақ, 40 әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 13,4 млн. теңге жұмсалып, жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарын тәмамдаған 30 түлектің «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен қамтылуына 6,9 млн. теңге бағытталады.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.   

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 180
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px