«Бақыт депозиті» баспана сыйлады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Бақыт депозиті» баспана сыйлады
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Әр ай сайын Банк Хоум Кредиттің «Бақыт депозиті» салымшылары арасында – ақшалай ұтыс ойындары, ал, әр тоқсан сайын 10 млн. теңге баламасы көлемінде 1 пәтер ойнатылады. Сөйтіп, 26 наурызда Қарағанды қаласының «Абзал» СҮ ауласында кезекті ұтыс өткізілді.
Қалалық іс-шара форматында өткен пәтер ұтысын ғаламтор желісінің тікелей көрсетілімі арқылы еліміздің Қарағанды, Орал және Өскемен сынды үш бірдей қаласы тамашалай алды. Демін ішіне тартып, тағатсыздана күткен тұрғындар түскі сағат 13.00-дің шамасында басталатын ұтысқа бір, бір жарым сағат бұрын жиналды. Мұның өзіндік себебі де бар.
Қазақстан үшін салымның қайта­ланбас бұл түрі отандастарымызға өткен жылдың маусым айынан бері қолжетімді болған. Оның ерекшелігі сол – кемі 1000 теңге көлемінде «Бақыт депозитін» ашқан кез келген салымшы пәтер ұтысына қатыса алады. Және депозиттегі қаражат артқан сайын, жеңіске деген мүмкіндік те арта түсетін болады.  Қысқасы, 1000 теңге сомасына депозит ашқан салымшы автоматты түрде барлық ұтыстарда, соның ішінде, 100 ақшалай сыйлық ұтысында бағын сынай алады. Тағы бір айта кететіні, жүлдегер атанған салымшы келесі ұтыстарға еркін қатыса алады.
Тұрақты, серпінді дамып келе жатқан Банк Хоум Кредит әлемнің он мемлекетінде 44 млн. адамға қызмет көрсетеді. Ал, 2005 жылдан бастап Қазақстан аумағын қамтыған банктің бүгінгі жетістіктері – тайға таңба басқандай. Бұл бөлшек сауда банкінің тағы бір ерекшелігі – несиені, тек, ұлттық валютамыз теңгемен және жеке тұлғаларға ғана береді. Осынау он жылдың көлемінде 2 миллионнан астам клиенттің сенімінен шыққан. Солардың 30%-дан астамы аталған банкке 2 реттен артық жүгінген. Ал, Банк Хоум Кредиттің негізгі ұстанымы – жауапты, әрі қауіпсіз несиелендіру. Тіпті, тұрғындардың қаржы жөніндегі сауаттылығын арттыру­ға да үлкен көңіл бөледі.
Бұл банктің басты стратегиялық бағыты – «Бар көңіл адамдарға» деп аталады. Яғни, қарапайым адамдардың сұраныстары мен қажеттілігін өтеуге ықпал етеді. Банк клиенттері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың бас­ты арманы – баспаналы болу екен. Сондықтан да, ұтыс ойынының бас жүлдесіне пәтер тігілген.
Сонымен, ұтыс алаңына оралайық. Ұтыс – банктің ұрлық пен айланың кез келген түріне жол бермейтін арнайы бағдарламасы арқылы жүргізілді. Бағдарлама механизмі мәліметтер базасында тіркелген келісім-шарт нөмірлерін кездейсоқ анықтауға негізделген. Сөйтіп, қарағандылықтар үлкен экран арқылы жеңімпаздың келісім-шарт нөмірін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Үлестірілген сый-сияпаттарда шек жоқ. Көл-көсір думан дерсің. Қала берді, тұрғындар экранға алаңсыз назар аудару үшін ұйымдастырушылар мульт­фильм кейіпкерлерінің киімдерін киген әртістерді алдыртып, балаларын да мәз-мейрам етті. Тұрғындар банктің атауы бар баннердің қасында суретке түсіп, әлеуметтік желілерге Банк Хоум Кредиттің хэштегімен суреттерін жария­лап, бағалы сыйлықтарды олжа етті. Елдің ерекше қызығушылығын оятқан ұтыс ойынының жеңімпазы, яғни, пәтер иесі де анықталды. Ол – Қазығұрт ауылының тумасы. Сонымен бірге,       10 000 теңге көлеміндегі 100 сыйлық өз жеңімпазын тапты.
«Бақыт депозитін» ашып, баспаналы болам деушілер саны ұтыс алаңында да толастамады. Банк қызметкерлері ниет білдірген тұрғындардың атына депозит ашып, жаңа клиенттермен толықты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 259
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px