Байқау ұйымдастырылады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Байқау ұйымдастырылады
Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту   жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына сәйкес,  2014 жылдан бастап жыл сайын «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жоба» атты байқау (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырылады.
Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып табылады.
Байқауға қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, басқа да ұй­ымдар мен ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдар, қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әрекет ететін жеке тұлғалар қатыса алады.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық бірлестіктерге, мүмкіндігі шек­теулі жандарға және халықтың әлжуаз топтарына қолдау көрсету.  
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ағымдағы жылдың  1 сәуірінен 1 тамызға дейін осы байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау жүргізеді.
Қосымша ақпараттар алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады (Поспелов көшесі, 16 үй, 12 каб., тел.     30-00-81).
Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px