БАСПАСӨЗ КЛУБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

БАСПАСӨЗ КЛУБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Жезқазғандағы «Мейірімді жүрек» қоғамдық бірлестігі жанында жас журналистер мектебі жұмыс істейді. Жақында аталмыш бірлестік пен «Бас редакторлар клубы» Жезқазған филиалының ұйытқы болуымен «Дидар» телеарнасының баспасөз клубында көсемсөзші, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбаймен кездесу өткізілді.

Қазақстан журналис­тика­сының негізгі проблемалары қаузалған бұл басқосуға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жас журналистер мек­тебіне қызығушылығы бар колледж және мектеп оқушы­лары қатысты. Әсерлі кездесуде К.Жолдыбай бүгінгі журналистиканың жай-күйі мен осы мазасыз маман­дықтың ерекшеліктері туралы әңгіме өрбітті. Әуелгі мамандығы инженер болып табылатын Кенжекең Тәуелсіздік жылдарында өзін көсемсөзші-журналист ретінде танытты, қоғамымыздың тол­ғақты мәселелерін көтерген көп­теген туындылар жазды. Республикалық басылым­дар мен белгілі ақпарат құ­ралдарында жемісті еңбек етті. Осыған орай, өзінің білгені мен түйгенін ортаға салып, журналистің қоғам мүддесіне сай қызмет жасауы туралы ой толғады. Жас­тар көкейдегі сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды. «Дидар» телеарнасының директоры, «Бас редакторлар клубы» жергілікті филиалының жетекшісі Базарбай Әлеуханұлы уақыт бөліп кездесуге келген құрметті қо­наққа шынайы алғысын біл­дірді.    

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.              

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 137
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px