Басылымның арқасында баспаналы болдым - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Басылым басшысы Мағауия Сембай бастаған елге жаны ашитын, әр оқырманның мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын абзал азаматтар бар екен. Бірден өзінің бірінші орынбасары Ерсін Мұсабекті менің хатымды тексеруге, мән-жайды көзімен көруге жіберді. Журналист келіп, менің тұрып жатқан үйімді көзімен көрді. Іле газеттің 2016 жылғы 23 сәуірдегі №69 (22 174) санында Е.Мұсабектің «Адам факторы алаңдатпай ма?» атты мақаласы жарық көрді де, сең қозғалды. Аудан тізгінін сол кезде ғана қолға алған жаңа әкіміміз Марат Жан­дәулетовке рахмет. Бірден мәселені оң шешіп, менің уақытша болса да, қауіпсіз баспанаға көшуіме септігін тигізді. Қазір Ақадыр кентінің орталығындағы арендалық пәтерде тұрып жатырмыз. Ай сайынғы жалдау ақысын аудан әкімдігі төлеп отыр. Бұл баяғыда-ақ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалын, «Орталық Қазақ­­­стан» газетін шулатпай-ақ, ше­шілетін мәселе еді... «Қалауын тапса – қар жанар» демекші, орайын тапса, орындалмайтын іс, шешілмейтін мәселе жоқ екен.

Сонымен, басымдағы мұңымды сейілткен өзімнің сүйікті газетім арқылы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына, аудан әкімі Марат Жан­дәулетовке, Ақадыр кентінің әкімі Ағзам Сембаевқа және «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымына деген алғысымды жеткізгенді жөн көрдім. Еңбектеріңіз жанып, абыройларыңыз асқақтай берсін!

Құрметті редакция ұжымы!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеймін. Қашанда қарапайым халықтың мұңына билік назарын аудартып, сауап арқалай беріңіздер!

Болатбек АЯПБЕРГЕНОВ,

Ақадыр кентінің тұрғыны.

ШЕТ ауданы.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 854
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px