Батырға – құрмет - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Батырға – құрмет
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Президент Жарлығымен Қайрат ҮМБЕТОВКЕ «Халық қаһарманы» атағы берілді. Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Ол – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
Қайрат Жарылқасынұлы әскери оқу-жаттығулар барысында ерлік көрсеткен болатын. 7 сәуір күні Қарағандының іргесіндегі Қарабас кентінде граната жарылып, оқыс оқиға орын алған-ды. Сол сәтте Қайрат Үмбетов жауынгерді өз денесімен жауып қалған. Абырой болғанда, екеуі де аман қалды. Жеңіл жарақат алды.
Міне, ердің ерлігі ескерілді!
Сондай-ақ, Елбасы «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, алматылық Дмитрий Родинді де жоғары марапатқа лайық деп таныды. Ол 27 наурыз күні апатты жағдайдағы ұшақты сәтті қондырған. Осылайша, әуе кемесіндегі 121 адамның өмірін аман сақтап қалды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 142
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px