Бауыр - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Бауыр
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Міне, ғажап! Айбек және Ғабит есімді бауырларымыз әлемді аузына қаратты. Жаңалық ашып, жаға жыртысып емес. Керісінше, бауырластықтың шынайы үлгісін танытты.  
Олар Қытайда өткен ережесіз жекпе-жекте кездесті. Бірақ, бір-біріне соққы жасамады. Кездесуден түсетін қыруар қаражатты емес, бауырға деген құрметті жоғары қойды.
Жаттықтырушылар қанша «қамшылағанымен», қос спортшы бір-бірін қарсылас емес, қандас деп қадірледі. Иә, тура мағынасында!
Ғабит – қытайлық азамат. Ал, Айбек – біздің елден барған баһадүр. Оның үстіне, мыңдаған жанкүйер бәс тігіп, қос спортшы қызыл шеке болады деп күткен. Екі бауыр болса, өтірік алысып, кезек жығылып, жүріп алды. Ақыры, төрешілер қызыл қағаз көрсетіп, екеуін де алаңнан шығарып жіберді.
Бұдан соң, интернет шулап қоя берді. Елдегі көзі ашық азаматтар қазақтың қос жігітін қолдап, пікір қосуда.
Ал, ауылда жүріп, бауырдың басын жаңғырыққа қойып жататынымыз несі?
«Дүние – боқ» (Абай) үшін!

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 282
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px