Береке бастауы – достықта - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай, «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты кездесу өтті.

Бұл – этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен облыстың бас кітапханасында ұйымдастырылып отырған алғашқы кездесу емес. Мекеме қызметкерлері Бірлік күні қарсаңында тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер және әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында этно-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аймақтағы түрлі концерттік бағдарламаларға, облыстық спартакиадаларға атсалысып, «Достық үйінде» өз шараларын ұйымдастырумен белсенді айналысып келеді.

Кездесуге «Дакия» румын мәдени қоғамы және «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі, облыстық «Видергебурт» неміс орталығы, «Полония» поляк қоғамы, «Идел» татар-башқұрт мәдени орталықтары, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» серіктестігі қатысты.

Этно-мәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжым мүшелері кешке қатысушыларды өз өнерлерімен таныстырды. Концерттік бағдарламаны «Видергебурт» неміс орталығының би ансамблі ашты. Оны «Казачья вольница» халықтық ансамблі жалғастырды. Румын мәдени қоғамының солисі заманауи өңделген халық әнін орындап, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады. «Рiдне слово» украин тілі серіктестігінің мүшелері қазақ тілінде ән айтып, көпшілікті таң қалдырды.

Бірлестіктер төрағалары өз сөздерінде орталықтардың қызметіне тоқталып, қазақ және ана тілін оқытатын жексенбілік мектептер жөнінде баса айтты. Сондай-ақ, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және халық шығармашылығын дамытудағы атқарылып жатқан орасан зор жұмыстарды айрықша атап өтті.

Облыстық әмбебап кітапхана басшылығы қатысушыларды алда келе жатқан Бірлік күні мерекесімен құттықтай отырып, бірлестіктер төрағаларына Алғыс хаттар тапсырды.

Этно-мәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестікті жалғастырып келе жатқан Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханаға игі істері үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің басты қызметіміз бірлік пен біртектілікті, этносаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Бастамаларымыз қолдау тауып, еңбегіміз осылай бағаланып жатса – біздің міндетіміз орындалды деп білеміз, – деп аяқтады өз сөзін «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семен Раков.

Кеш соңында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасы Н.Назарбаевтың ролі туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму кезеңдері және Қарағанды облысы этно-мәдени бірлестіктері жайлы әдебиеттер қойылған «Біздің байлығымыз – бірлікте» атты кітап көрмесімен таныстырды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 131
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px