Білгенге маржан - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Білгенге маржан
Эфир
1846 жылға шейін оташылар адамның қол-аяғын байлап, ақыл-есі бар күйінде операция жасап келген.  Тек осы жылдан бастап АҚШ-тың Бостон қаласында эфирмен сырқатты ұйықтатып тастап барып ота жасау басталған. Келесі жылы атақты хирург Н.Пирогов Дағыстанның Салты ауылында жаралы солдатқа наркоз қолданған. Қазір тісіңізді жұлғанда да жағыңызды жансыздандыра салады.
Ал, екінші дүниежүзілік соғыста госпитальда наркоз болмағанда жарақаты гангренаға айнала бастаған жауынгерлерге ағаш қасық тістетіп, аяқ-қолдарын кесе бергенін соғыс солдаттарынан естіген едік. Қалай болса да, отаға түсіре көрмесін деп тілейді Алланың кез келген пендесі.


Жас
Адамның көзі күніне орта есеппен 7 текше сантиметр сұйық жас бөледі екен. Пенициллинді жасаған А.Флеминг көздің жасы жай су емес екеніне назар аударады. Көз жасында микробтарды өлтіретін лизоцим  бар болып шығады. Ол 5-10 минутта полиомиелит вирусы бастаған талай бактерияны «қырғынға» ұшыратып тұрады екен. Көзіміздің қоршаған ортадағы қаптаған микробтан қорғанатын осындай әдісі бар болып шықты.  Көздің жасы қорсылдап жылағанда арнайы канал арқылы демалатын органдардағы, әсіресе, мұрын қуысындағы пәлекеттерді тазартатын көрінеді. Құдай жылағаннан сақтасын. Ал, қуаныш, шаттық, бақыт жасы келіп қалса, іркілмеңіз, еркіне жіберіңіз.

 

Алоэ
Біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Аристотель Александр Македонскиге Сокотру аралын басып алуға ақыл береді. Гректер жергілікті тұрғындарды қуып шығып, осында өсетін алоэ өсімдігінен дәрі-дәрмек жасай бастайды.
Алоэнің қазір 200-ге тарта түрі бар. Ежелгі ғасырлардан бері мәңгі жасыл жапырақты өсімдік қотырға және  басқа жараларға мың да бір ем болып келеді.  Бұл күнде жазылмай қоятын жараларға (язва), жарақаттанғанда, арықтап әлсірегенде, тәбет төмендегенде, көз сырқаттарына  қолданылады.
Қатерлі ісікті сәулемен емдегенде күйіп қалған теріні алоэнің шырынымен емдеуге болады екен. Асқазанның жараларын, қабынуын алоэ шырынымен жазып, құлан-таза айыққан жерлестеріміз арамызда жүр.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 394
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px