БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

БІР  СУРЕТТІҢ  СЫРЫ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Мына көріп отырған фотосурет қолымызға 75 жылдан кейін тиіп отыр. Ал тарих үшін бұл аса құнды жәдігер болып табылады. Өйткені суретте Совет Одағының Батыры, жерлесіміз Қазбек Нұржанов бейнеленген. Батыр бабамыздың 1939 жылғы қазан айында Совет Армиясы қатарына алынып, әскери міндетін Амурдағы Комсомольск қаласында өтегені белгілі.
Сурет сонда түсірілген. Суреттің сыртында «Комсомольскіден сәлем. Суретте (солдан оңға қарай): 1. Қызылармияшы Жалмағанбетов Түсіп. 2. Ефрейтор Нұржанов Қазыбек. 3. Ғалиев Қабдыраш. 18.ІІІ.1941 жыл.» деп жазылған.
Назар аударатын нәрсе, батыр бабамыз автографты өз қолымен жазған, екіншіден есімін Қазыбек деп жазған. Өкінішке қарай, барлық әдебиетте батырдың есімі Қазбек деп жазылып жүр.
Суретті тапсырушы Шолпан Өзбекқызы Нұржанова қарындасымыз. Өзбек пен Қазыбектің бір әке-шешеден туатыны белгілі, олай болса Шолпан батырдың немере қызы болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 147
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px