Бірінші - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Алаш елі тағы бір абырой биігінен көрінді. Қазақстан – Орталық Азиядағы бірінші мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға өкілеттенген ең маңызды саяси органның құрамына енді. Жағымды жаңалықты Нью-Йорк­тегі БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінің қорытындысынан соң естідік.

 

Елдің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, бұл – тарихи сәт. Қазақстан Азия тобы мемлекеттерінің атынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшесі болып сайланды. «Осынау нәтиже – Қазақстанның және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасының халықаралық деңгейдегі биік беделінің, оның жаһандық және өңірлік мәсе­лелерді реттеуге, ядролық қару­сыз­дану мен таратпау мәсе­лелерін ілгерілетуге қосқан бірегей үлесінің жарқын айғағы» – деді Е.Ыдырысов.

Жалпы, дауыс беруге 200-ге жуық мемлекет қатысқан. Солардың арасынан 138 мемлекет Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Біздің бұл жолғы басты бәсекелесіміз – Таиланд Корольдігі еді. Ол үшін 50-ден астам мемлекет дауыс беріпті.

Қауіпсіздік кеңесіне сайлану біздің мемлекетіміздің сыртқы және ішкі бейбітсүйгіш саясатының халықаралық қоғам­дастықта жоғары құрметтелетінін көрсетсе керек.

Енді, 2017 жылы Қазақстан Азия мемлекеттері тобының өкілі ретінде Малайзияны алмас­тырмақ. Негізі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында 15 мемлекет бар. Оның ішінде, тұрақты мүшелік мәртебесі бар бес ел – Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция бар. Ал, өзге он мемлекеттің әрқайсысы екі жылдық мерзімге 5 өңірлік топтың атынан сайланып отырады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 795
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px