Бірлігі – бекем - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні – халқымыздың достастығы мен өзара түсіністігін дәлелдейтін ерекше мерекенің бірі. Егеменді еліміздің әлемдегі экономикалық дағдарыстарға бой алдырмай, оған төтеп беруге бағытталған кешенді әрекеттер жасауы, күн санап халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайының өсе түсуі, міне, осынау бірліктің, ынтымақтың арқасы.

Осынау кең байтақ жерімізді біздер үшін, бізден кейінгі ұрпақ үшін білегінің күшін жұмсап, қорғап, жаудың мысын білімімен басқан ата-бабаларымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз. Бас иеміз!

Бүгінде Қазақстан – 130 ұлт өкілінің Отанына айналды. Алауыздықтан сақтасың, әрине. Бірақ, олардың әрқайсысының қазаққа деген құрметі ерекше десек қателеспеспіз. Салтын сыйлап, дәстүрін дәріптеуге тырысады. Азап оты лаулаған уақытта бауырына басып, барымен бөліскен қазақ баласы болғанын жақсы түсінеді. Сондықтан, бір үйдің балаларындай деуге әбден болады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев достық пен бірлікті ту етіп, ел игілігі жолындағы орасан зор міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударып келеді. Нәтижесінде, мемлекетімізде ұлттар арасында да, діндер арасында да кикілжің шықпай, қазақстандықтардың бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүрулеріне үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр.

Қай елде болсын, халықтың бірлігі – басты құндылық. Елдің бірлігін сақтауға баса көңіл бөлді Көшбасшымыз. Айрандай ұйыған ынтымақты бұзбау үшін Қазақстан халқы Ассамблясын құрды. Елбасының стратегиялық пайым-парасатымен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттың ұпайын да, мемлекеттің мүддесін де түгендейтін бірегей құрылым екенін дәлелдеуде. Еліміздегі барлық этностың басын біріктіретін бірегей бұл құрылым тұрақтылықты сақтап, мемлекетіміздің дамуы үшін маңызды рөл атқарады.

Біздің басты парызымыз – рухани және мәдени игілікті, халықтың бірлігі мен тұрақтылығын нығайту. Себебі, дүние жүзі елдері Қазақстанның даму, өсу мүмкіндігін көріп, әлемдік қауымдастықта алатын маңызды орнын мойындауда.

 

Нұргүл РАХИМБЕКОВА,

Қарағанды қаласындағы

ІІБ Михайлов ПБ

МТАТ жетекші маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 116
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px