Бірліктің той-думаны - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Бірліктің той-думаны
Қазақстан халқының бірлігі күні Приозерск қаласында достық пен татулықтың, бейбітшілік пен мызғымас тұрақтылықтың мерекесі ретінде көтеріңкі көңілмен, жарқын жүзбен асқақ рухта аталып өтті. Орталық алаңда өткен салтанатты шараға қала әкімі қатысып, қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
– Қазақстанда біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен өзара түсіністік жағдайында өмір сүруде. Сондықтан, біз ең басты байлығымыз – халықтың бірлігін сақтап, елімізді өркендетуге үлес қоса береміз, – деді өз сөзінде қала басшысы.
Салтанатты шара барысында мерекелік сауда, балабақша тәрбиеленушілері арасында тасжолда сурет салу байқауы, «Тілі – басқа, тілегі – бір» тақырыбында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған қоғамдық ұйымдардың концерттік бағдарламасы, спорттық жарыстар өткізіліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй  сыйлады. Ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырған мейрам бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың барлығында ұлттық құндылықтар ұлықталды.
Қала мекемелерінде өткен мерекелік бағдарламаларды тамашалаған жұртшылықтың қатары да қалың болды. Іс-шаралар легін білім ордаларында өткен фестивальдер, кітап көрмелері, түрлі ұлттардың дәстүрлерінен көрсетілім байқаулары, ертеңгіліктер мен тақырыптық іс-шаралар құрады.
«Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында ұйымдастырылған «Өмір жайлы әзіл-сықақ, сынымыз» атты әзіл-сықақ сахналық байқауы көрермендерді тәнті етті. Байқауда қаламыздың ең көңілді адамдары өнер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Шара қорытындысында әзілдерінің ұтымдылығы, сахналық костюмдерінің ерекшелігі, актерлік және орындаушылық шеберлігімен ерекше көзге түскен «Еркетай» шағын орталығының ұжымы бас жүлдеге ие болды.
Жалпы, ымыра мен ынтымақтың думан-тойы ел бірлігін айғақтап, ұлысты ұйыстыра түсетін айтулы күндердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнерлі жастар тұрғындары тату елімізді ән мен жырға қосса, үлкендер тыныштықты сақтаған саясатқа шүкіршілік десті.
Ф.ІЛКІБАЕВА.
ПРИОЗЕРСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 152
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px