Біртұтас идея – айқын бағыт - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын тыңдаған сайын көкейдегі көп сауалға жауап тауып, ертеңгі күнге деген сенім беки түседі. Өйткені, Жолдаудан қолдау көрген ел ерекше екпінмен еңбек етіп, межеленген міндеттерге қол жеткізуге талпынады. Әсіресе, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму көкжиегін айқындаған Жолдаудың орны ерекше болды. Сондықтан, биылғы Жолдауды да халық ерекше бір үмітпен күтті деуге болады.

Әркез алысқа көз тігетін Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолы да көптің көкейіндегіні айтты. Биылғы құжат алдыңғы Жолдаудың тікелей жалғасындай болды. Мемлекет басшысы бұрынғы ойларын кеңірек таратып, тарқатып айтты. Жөн сілтеп, жол нұсқады. «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – "Мәңгілік Ел" идеясы». Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол » атты мақаласын жолдады. Елбасының «Біз өзіміздің Қазақстандық армандарымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз. Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас саласын іске қосудамыз. Және ең бастысы XXI ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстан, әлемнің аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отыр­мыз, оны біз бірге бағындырамыз» деген ұлы сөздері ел ертеңіне, ұлт болашағына үлкен міндет жүктейді. Елбасы жастарға зор мүмкіндіктер жасауда. Бүгінгі заман талабына сай білім алуға, еңбек етуге, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап, сараптама жасауға және соның барлығын өз Отанымыз үшін жұмсауға шақырады. Мен және менің замандастарым осы жолдағы үлкен жауапкершілікті сезіне білеміз. Президентіміз айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрінуі үшін өз үлесімізді қосып, барынша күш саламыз.

 

Гүлмира ҚҰРМАШҚЫЗЫ,

О.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2249
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px