Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 25.06.2018

Біртуар  ПЕРЗЕНТ


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, Қазақстан қоғамы тарихында көрнекті орын алған қайраткер Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында жасындай жарқырап өтті. Жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалары халық өмірінің көкейкесті тақырыптарын аша көрсетті, ұлттық әдебиетке жаңа мазмұн, жаңа түр, жаңа идея әкелді. Жазушы туындылары халқымыздың қымбат рухани қазыналарының қатарына жатады. Революциялық күрестің от-жалынында шыңдалған Сәкен аласапыран күндер тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен шақта негізгі өмірлік мұраты – қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар», «Домбыра», « Экспресс», «Көкшетау», «Тар жол тайғақ кешу», «Жер қазғандар», «Айша», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар», «Қазақ әдебиеті», «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» зерттеу еңбектері – көркемдік, танымдық-тәрбиелік мәні жоғары, ұлттық-эстетикалық дамуымызды жаңа сапалық биікке көтерген туындылар. Композитор ретінде Сәкен Сейфуллин қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Әншілік өнерінің тырнақалдысы – «Біздің жақта», өлеңінің әні 1919 жылы мамырда Сарыадыр баурайында дүниеге келді. «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Қазандағы «Мақтубат кәримия» баспасынан басылып шыққанда Сәкен Сейфуллин жиырма жаста болған. Ол халық тарихы мен мұрасына ыстық ықылас танытқан, оны көздің қарашығындай сақтап, жоғалтпауға ынта қойған. Ел арасындағы ән мен күйлерді жинақтау ісінде музыкалық сауатты мамандарға зор мүмкіншілік жасап қана қоймай, жазып алушыларға өз орындауында бірнеше ән мен күйді жеткізген. Қазақ ән-күйін жинап, зерттеуші А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» жинағында «Сәкен Сейфуллин – тамаша әнші әрі күйші, Ақмола өңірінің ән-күйлерінің жетік білгірі» деп жазды.  
Кемеңгер тұлға әдебиетіміздің  тарихында лирик-романтик ақын, шебер тілді прозашы, драматург, көсемсөзші, әдебиет  сыншысы, әдебиет тарихын, фольклорды зертеуші ғалым-педагог ретінде бағаланады. Сондай-ақ, Сәкен қазақ баспасөзін ұйымдастырушы тұңғыш редакторлардың бірі, қаламы жүйрік журналист. Қазақ ауылдарындағы мектептерде, Қазақстанның жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы мен фольклорынан дәріс оқыған, оқу орындарын басқарған ұстаз-тәрбиеші.
ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинді халық жадында сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер» деп баға берді.

Н.ЖАЙЛЫБАЕВА,
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры.

Қарағанды қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 672
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px