Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2016» конкурсы өтеді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз - 2016» конкурсы өтеді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.
Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Қарағанды қаласының барлық жұмыс берушілерін белсенді түрде қосылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2016» конкурсына келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырамыз:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады);
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында  еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);
3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).
4)  «Экологияға қосқан үлесi үшiн» (бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады).
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  веб-сайтында жарияланған (www.mzsr.gov.kz және www.paryz.mzsr.gov.kz).
Өтінімдер ағымдағы жылдың  1 қырқүйегіне дейін қабылданады, келесі мекен-жай бойынша: 100012 Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, 10 кабинет «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Электрондық мекен-жайы: krggorsobes@mail.ru.
Анықтама телефоны: 56-72-27, 30-01-69.

Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік   бағдарламалар бөлімі» ММ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 528
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px