Бюджет орындалысы – назарда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалық етуімен өткен аппараттық жиында І жартыжылдықтағы бюджеттің орындалу мәселесі талқыланды.

Облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Тоғайбаев бюджеттің кіріс бөлігіндегі үш санатты, атап айтқанда – салықтық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен кірістер бойынша жоспардың орындалуы 59,2 млрд. теңгені, яғни, ағымдағы жылдың алты айына жасалған жоспардың 104,7% немесе жылдық жоспардың 49,1% құрағандығын айтып өтті. Бұл облыстың барлық аймақтарында меншікті кіріс бойынша жоспар толық орындалғандығын көрсетеді.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, үш санат бойынша түсімдердің динамикасы 14 аймақта 100 пайыз орындалған.

2016 жылдың І жарты­жылдығында Қарағанды облысы бюджеті шығысының 107,3 млрд. теңгені құрап, жоспардың 99% қамтыды.

Баяндамаға сүйенсек, іске жаратылмаған қаржының сомасы 1,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен алынған мақсатты трансферттер мен несиелер – 997,3 млн. теңге немесе тұрғындардың жалпы көлемінің 90% құрайды.

Жиналыс соңында Нұр­мұхамбет Әбдібеков бюджеттік қаржылар игерілмеген бірнеше басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Сонымен қатар, бірнеше нақты тапсырмалар берілді, атап айтсақ – бюджеттік қаржыны, оның ішінде, республикалық бюджеттен алынған мақсатты трансферттер мен несиелерді толық және уақытылы игеру, сонымен қатар, жылдық бюджеттің кірістік бөлімін орындау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2413
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px