Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ маңызы зор

Адам – өмір бойы психологиялық кө­мек­ке зәру.

Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-ана бала­ла­рының оқу үлгеріміне күнделікті назар ау­дарып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата-ана бұған жеткілікті мән бер­мейді.

Жалпы, бала психологиясына бел­гілі психикалық ауыр әсерлердің түр­лерін атап өтсек: біріншіден, баланың жі­ге­рін жасытатын үкімді сөздер айтпау (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұ­рыс сөйлей алмайсың», т.б). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіндігі мәлім. Ал керісінше, баланы үнемі көтермелей жетелеп тәр­биелеудің психикалық мәні зор. Екіншіден, баланың істеген әрекеттеріне теріс те зілді баға берумен қоса, оның жеке басы­ның намысына тиетін сөздер айтпау. Мә­селен, «сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың», т.б. деген сөздер баланың бүкіл жан-дү­ние­сін ауыр жаралайды. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс ба­ғаламау, төмендетіп бағалау, оның қалыптасу қабілетін тұ­тылдырумен қо­са, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұн­дай әрекеттер ба­ла­ның өміршең тал­пыныстарын бірден тоқ­татып, тіпті, тір­шіліктен де жиренері хақ. Сөйтіп, оның ал­дындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. Үшін­шіден, басқа бір баламен салыстырмау керек. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сі­ңір­гендігіңізді байқамай да қаласыз. Мі­не, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жай­сыздықтарға әкеп соғады екен.

Ата-ананың мейірімді де, төзімді тәр­биесінің арқасында баланың көңіл-күйі мен түйсік-сезімдерінің қанағаттануы ға­на жүзеге аспайды, сонымен қоса, оның интеллектісінің де еркін дамуына мүмкіндіктер туады.

Бала миының жақсы жұмыс істеуі, ой-қабілетінің дұрыс жетілуі оның қалай та­мақтанатындығына тікелей байланысты. Мидың жақсы жұмыс жасауына әсер ету үшін тағамның түрлері мен құрамы ма­ңызды роль атқарады.

Егер де балаңыз озат оқушы болсын де­сеңіз төмендегі ұсыныстарға назар ау­дарыңыз.

Қырыққабат, саумалдық (шпинат) және қызылша. Бұл көкөністер ағзадағы зиянды, улы заттармен күресіп, әл­сіреуден, түрлі дерттерден сақтайды. Сау­малдық жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

Балық және теңіз өнімдері. Ба­лықтың құрамы фосфорға, омега-3 қыш­қылына бай екені көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып та­былады. Әсіресе, тунец, лосось, иваси, май­шабақ (кильки) балықтарын атауға бо­лады.

Сұлыдан жасалған ботқа. Жас ағзаға күш-қуат беріп, Е,В дәрумендерімен, ка­лий, мырыш элементтерімен толықтырып отырады. Интелектуальдық белсенділігін де арттырады. Сұлы ұнынан құймақ, күл­ше де пісіруге болады.

Жаңғақ. Шығыс данышпандары жаң­ғақты «ақылды өнім» деп атаған. Өйткені, жаңғақтың қай түрі де ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті ми­нералдармен «азықтандырады». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын ала­тын да бірден-бір жидек осы грек жаңғағы екен. Жаңғақ дәнінде калий, каль­ций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Басқа да жаңғақтар бала ағзасына өте пайдалы.

Бал мен қара шоколад. Бұл екеуі де ми мен жүйке жүйесінің жұмысына пай­далы. Жидектер. Қан та­мырларын тазалап, қан құрамындағы хо­лес­теринді қуатын өнім – жидектер. Егер ағзада қан ай­налымы жақсы болса, онда ми­ға да қанмен бірге оттегі қа­жетті мөл­шерде ба­рады деген сөз. Барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Мектеп жасындағы бала үшін пайдасы өте зор. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүргендігі байқала бастайды. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

СӘБІЗ мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жатар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырған сәбіз жеу керек.

МАЙЛЫ БАЛЫҚТЫҢ құра­мын­да, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жа­сауына керекті омега-3 бар, сонымен қатар, балықта йод бар.

АСҚАБАҚ ШЕМІШКЕЛЕРІНІҢ құра­мында мырыш бар, ол мидың ойлау жыл­дамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Зейінді жақсарту үшін:

ПИЯЗ мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде кө­мектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде 1 пияздың жартысынан кем емес.

ҚАРА ЖҮЗІМ – допамин гормо­нының деңгейін көтереді, бұл есте сақ­тау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стақан шы­рын, ал кешке жүзімнің 1 талын жесе әр түрлі ми қатырғыш сөзжұмбақтарды оңай шешуге көмектеседі.

МЕЙІЗ – құрамында бордың қо­сын­дысы бар, бұл есте сақтау қабілетті арттырады.

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ – құрамында ле­цитин бар, бұл мидың жұмысын жақ­сартып, есте сақтау қабілетін бел­сендіреді. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.

Баланың оқу үлгерімі төмендесе, ми жұмысын арттыратын азықтарды пай­даланған жөн. Балаңыздың тамақ құ­рамы оның күнделігіндегі бағаларға әсер ететінін есте ұстаңыздар, оқырман! Ұсы­нылған кеңестерді ұстанымыңызға айналдырсаңыз екі-үш ай көлемінде өз нәтижесін берері сөзсіз.

Ә.Ержанова,

Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың педагог-психологы.


 Пікірлер: 0
 Оқылған: 7439
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px