Дәуреннің даңқты ісі - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Дәуреннің даңқты ісі
Ерлік уақыт таңдамайды. Бейбіт күннің де батыры бар. Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дәурен АЛТАЕВТЫҢ әрекетін де шынайы ерлікке баладық.
Мәселен, Майқұдықтағы тұрғын үйлердің бірін өрт шарпыған. Тілсіз жаудың орын алғанын естіген бетте оқиға орнына полиция наряды жедел жетті. Экипаж құрамында Дәурен Алтаев та бар.
Не керек, «ұрыста тұрыс жоқ». Дәурен қолына дымқыл матаны алып, жанып жатқан үйге кіреді.
Сөйтіп, ес-түссіз жатқан төрт баланы үйден аман-есен алып шығады.
Өз өмірін бәске тіккен жігіттің бұл әрекетін жергілікті тұрғындар нағыз ерлікке балап отыр. Құтқарылған балалардың анасы да шексіз алғысын айтты. «Бүгінгінің батырына қандай құрмет көрсетсе де лайық» дейді олар.  
Өз тілшімізден.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 152
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px