Далада – қызу еңбек - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Далада  – қызу  еңбек
Сағыныш Әбілова,
«Орталық Қазақстан»

Дәнді-дақыл тұқымдарын сіңіру жұмыстарының қарқын алғанына да бірер күн болды. Бүгінде ауданымыздың еңбекқор шаруа қожалық иелері көктемгі дала жұмыстарымен бірге егістік алқапқа дән себуді қолға алуда. Қарқаралы ауданы бойынша межеленген егістік көлемі – 52000 гектар. Қазіргі уақытта тұқым себу жұмыстары Қайнарбұлақтың «Аппаз», Қырғыз ауылдық округінің «Кент Агро» ЖШС, «Берік», “Аслан”, Мамыраев ауылының «Сары-Арқа», «Айжан», Қояндының «МТС Жайма», Балқантау округіне қарасты «Балқантау», «Делана», «Қызыл көл», «Талды», «Азамат», «Батыр», «Сәт», «Мирас» жеке шаруа­ қожалықтарында қызу жүріп жатыр. Дәл бүгінгі күндегі мәлімет­терге сүйенер болсақ, аудан бойынша 4500 гектар егін себілген. Оның 4100 гектары – бидай, 300 гектары – арпа, 100 гектары  – сұлы.
Жақында аудан әкімі Х.Мақ­сұтов арнайы жұмыс сапарымен Қырғыз ауылының  «Кент Агро» ЖШС-і мен Бақты ауылына қарасты «Биаға» шаруа қожалығының егін себу жұмыстарының барысымен танысты. Егістік даласында жүрген механизаторлар мен жұмыс­керлерге бастаған еңбекті істері жемісін беріп, егіннің бітік шығуына сәттілік  тіледі.

Қарқаралы ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 195
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px