Депутат халықпен жүздесті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра АЙСИНА Нұра ауданының орталығы Киевка кентінде аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде жиналғандарды Тәу­елсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаған депутат жаһандық дағдарыс ахуалына орай елдегі өзгерістерді ескере отырып, осы жауапты кезеңде бір адамдай біріге еңбек етуге шақырды.

– Маңызды өзгерістер біздің қа­зақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес, әйелдердің бизнеспен айналысуына қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінуде. Енді, отбасы жағдайына байланысты оқуға шыға алмайтын әйелдер үйде отырып, қажетті білім мен ақпарат ала алады,– деді.

Жиында Мәжіліс депутаты кә­сіпкер әйелдерге жағдай жасау мәселелері жөнінде кеңінен айтты. Қазіргі уақытта жұмыссыз әйелдерді бизнес негіздеріне оқытып, үйрететін үш эксперименталдық алаң ашылды. Бастаманың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өмір сапасын көтеру, «жасыл технологиялар» негізінде шағын бизнес ашуға оқыту. Бүгінгі таңда Ақмола облысы және Астана қаласының 1500 тұрғыны аталған бағдарламаға қатысты. Нәтижесінде, 10 адам республикалық «Ең жақсы бизнес идея» сайысының жеңімпазы атанып, 600 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Майра Арапқызы Нұра ауданының тұрғындарын да жобаға қатысып, шағын бизнесін ашуға шақырды. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды. Арнайы келіп, нұралықтармен кездескен халық қалаулысына аудандық мәслихат хатшысы Т.Оспанов, ардагер ұстаз М.Айтжанов аудан халқы атынан алғыстарын жеткізді. Келесі кездесу Көбетей ауылында жалғасты.

С.САТЫБАЛДИН.

НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2375
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px