Достық дәнекері - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Достық дәнекері

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Шахтинск технология колледжінің ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Халықтың достығымен күшті» тақырыбымен ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің өңіраралық фестивалін ұйымдастырды. Қалалық мәдениет сарайында өткен тартымды іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды.
Фестивальге Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Нұра ауданындағы көпсалалы колледждер, Ғ.Жарылғапов атындағы Жаңаарқа аграрлық колледжі және М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі қатысты.
Іс-шара барысында колледждер студенттері әр ұлттың халық әндерін орындап, билерін биледі. Көпұлтты Қарағанды облысының аумағында мамыражай тірлік кешіп, еңбек көрігін қыздыруға қалыптасқан түрлі этностардың салттары мен дәстүрлері көрсетілді. Сонымен қатар, колледждердің көркемөнерпаздар ұжымдары көрермен назарына танымал тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі мен ұлттық рәсімдерді айшықтайтын сахналық қойылымдарды ұсынды. «Дала аңыздары» тақырыбы аясында өткізілген ұлттық киімдер көрсетілімі де көңілге аса қонымды болды.
Студенттердің осынау достық фестивалі – жыл сайын облыстың әр өңірінде ұйымдастырылып, оған қатысушылардың шеберлігін шыңдауға негіз қалайтын дәстүрлі форумдардың жарасымды жалғасы.
ШАХТИНСК қаласы.    

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 136
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px