Достық жібі үзілмейді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Достық жібі үзілмейді
Жуырда  ҚР Президентінің көмекшісі –  Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары лауазымды тұлғалардың  VII халықаралық кездесуіне қатысты.
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Аталған жиын Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің бастамасымен Шешенстан Республикасының астанасы Грозный қаласында өтті. Жиынға 80-ге жуық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Кездесудің күн тәртібінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге, заңсыз көші-қонға қарсы халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық  және ұлттық деңгейде қолға алынған шаралар қарастырылды.
Қазақстандық делегация жетекшісі өз сөзінде біздің Мемлекет басшысының 2015 жылғы қыркүйектегі БҰҰ Саммитінде экстремизмге қарсы күрес жүргізу туралы бастамасын халықаралық жағдайда дамытудың маңыздылығына баса назар аударды.
Сапар барысында Н.Ермекбаев Шешенстан Республикасы Басшысының міндетін атқарушы Рамзан Қадыровпен, РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевпен кездесті. Бұдан бөлек, мемлекеттер делегациясының басшыларымен, оның ішінде, ҚХР Компартиясының ОК Саяси-құқықтық комиссиясының Хатшысы – Саяси бюро мүшесі Мэн Цзяньчжумен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі Кеңесшісі – АИР Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Мұхаммад Ханифпен кездесу өткізді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 457
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px