ДСҰ: кедендік алымдар мөлшері төмен
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015 жылғы 12 қазанда біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі туралы Хаттама ратификацияланып, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан ДСҰ-ның толық құқылы мүшесі болды.
Осылайша, Еуразиялық одаққа енбейтін елдерден тауар импорттау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі аясында қолданылатын кедендік алымдардан төмен, ДСҰ жағдайындағы алымдар мөлшері қолданылады.
2016 жылғы тауарлар тізбегіне ДСҰ шарттары бойынша 1 347 тауарлық позиция (ауыл шаруашылығы өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, алкогольдік ішімдіктер, фармацевтика, химия саласы, тоқыма өндірісі, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тауарлар) енгізілді, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа қарағанда анағұрлым төмен кедендік алымдар бажының мөлшері қолданылады.
ДСҰ шарттары қолданысқа енгізілген сәттен бері ДСҰ-ның төмендетілген мөлшерлемесін 26 заңды және жеке тұлға пайдаланып, олар кедендік алымдардан 228 млн. теңгеден астам қаржыны үнемдеді. Бұл өз кезегінде, өнімдер бағасының шегерілуіне ықпал етеді, түптен келгенде, бағаның төмендеуінен қазақстандық тұтынушылар ұтуы тиіс. Бағаның төмендеуі дайын импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ғана емес, сонымен қатар, өндірілуінде импорттық компоненттер пайдаланылатын отандық өнімдерге де қатысты болады.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

