Еңбек дауы реттелді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Еңбек  дауы  реттелді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2016 жылғы 16 наурызда еңбек дауының туындауына байланысты «№3 Автобус паркі» ЖШС-іне қарасты №40, 43, 53 бағдарлар желісі бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің жолға шығудан бас тартуына орай туындаған келеңсіздіктің дереу реттелгенін хабарлайды.

Еңбек дауы дизель отыны бағасының қымбаттауына байланысты автобус паркі басшылығының 2016 жылғы 15 наурызда желіге шыққан автобустарға міндеттелетін күнделікті қаржы түсімінің мөлшерлік деңгейін арттыру туралы шешімін жария еткеннен кейін туындаған.
Даулы мәселе орын алған күні оның түйінін тарқатуға Қарағанды қаласының әкімі тікелей араласқаннан соң қаржы түсімінің күнделікті жоспары бұрынғы мөлшеріне қайыра түсіріліп, сағат 11.30-ға таман жолаушыларға жоғарыда аталған бағдарлар бойынша қызмет көрсететін автобустар желіге шығарылды.
Сөз орайы келгенде, сол күні таңертеңгілік басқа бағдарлар бойынша жүретін автобустардың саны арттырылып, олардың қозғалыс кестесінің аралық мерзімі мейлінше қысқартылғанын атап өткен жөн. Соның нәтижесінде Майқұдықтың тұрғындарын қаланың басқа аудандарына  тасымалдау кедергісіз жүзеге асырылып, әлеуметтік шиеленіске жол берілген жоқ.
Қазіргі таңда қалаішілік жолаушылар көліктерінің қозғалыс кестесі – қалыпты ырғақта.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 199
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px