Еңбек заңнамалары – ел мүддесіне - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Еңбек заңнамалары – ел мүддесіне
Қарағанды облысының атқарушы органдарының жұмысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді шешуге бағытталған.
Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік дағдарыс жағ­дайында мемлекеттің жалпы іс-әрекет ету және даму жоспары туралы айтылды.
Онда келесі тармақтарға ерекше назар аударылды:
1. Мемлекеттің басымдық беріл­­ген бағыттарының бірі – «инвес­­тициялық саясаттың негізгі бағыт­тарының бірі болып саналатын» тех­никалық кадрларды дайындау, кәсіби білім беру жүйесін дамыту бойынша міндеттердің тұрғанын атап өтті. Техникалық кадрларды дайындау бойынша саясат негізінде 2017 жылдан бастап кәсіби-техникалық білім тегін беріледі.
Сондай-ақ, ҚР Президенті өз Жолдауында қазақстандық экономиканың инновациялық әлеуетін арттыру қажеттілігін айтты. Экономиканың болашағы үшін бүгіннен бастап негізін құру керек екені өте маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект­тер, келешектің энергиясы, жобалау және инжиниринг салаларында құзыреттілікті дамыту қажет.
2. Президент Жолдауының келесі тармағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жобаларды және кадрларды дайындау және қайта даярлауды жүзеге асырудың қажеттілігіне арналды.
Бұқара халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуының жемісті болуы, олардың мәртебелерінің формализациялануы; әлеуметтік қолдаудың тіке иесіне жету шараларын күшейту, масылдықты азайту және еңбек белсенділігін арттыру. Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді, бірінші кезең – 2013-2015 жылдар аралығы, ал, екінші кезең – 2016-2020 жылдардың аралығы болып табылады. Аталмыш бағдарламаның тиімділігіне бақылау жасау үшін мақ­сатты индикаторлар белгіленді, яғни, бағдар­ламаны жүзеге асырудың нақты нәтижелерінің көрсеткіштері.
3. Бюджеттік сала қызмет­к­ер­­­лерінің, білім беру және денсаулық сақ­тау қыз­меткерлерінің жалақысын, зей­неткерлік төлемдер мен шәкірт­ақылар көлемін арттыру және тағы басқа мәселелер.
Жолдауда барлық қазақстан­дықтардың зейнетақы жарнасы жиналған бірыңғай зейнетақылық қоры туралы түсініктеме беріліп, аталмыш қор Ұлттық банк бақылауынан шығатыны жөнінде ақпарат берілді. Келесі жылы бұл активтер жеке қазақстандық және шетел компанияларының басқаруына берілетіні, зейнетақылық активтердің табыс көзінің артатыны туралы аталып өтілді.
2016 жылы «Б» корпусының мем­лекеттік қызметшілерінің жалақылары өсті, мүгедектігі, асыраушысынан айырыл­ғандарға арналған әлеуметтік төлемақылар, шәкіртақылардың көлемі 25 пайызға, денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне, орташа алғанда, 28 пайызға, білім беру қызметкерлеріне – 29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға өседі. Президент атап өткендей, бюджеттік қызметкерлердің әр түрлі санаттарына дифференциалды тұрғыдан келу арқылы қолданылады.  
Жолдауда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жаңа әлеуметтік саясат жобасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік атаулы қолдау олардың шынайы табыстары негізінде  мұқтаж азаматтарға көрсетіледі. «Ал, қалғандары өздері, өз еңбегімен күн көрулері керек» - деді Елбасы.  
Еңбек туралы түсінік өмір сүру үшін қажетті және адам мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды құруға арналған адамның жұмысын сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының   Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының Заңдарынан және Қазақстан Рес­публикасының басқа да құқықтық-нормативтік актілерінен тұрады.
Еңбек заңнамасының ең негізгі міндеттерінің бірі болып еңбек құқықтық қатынастары  тарап­тары­ның мүдделерін оптималды келісімге келтіретін қажетті құқықтық шарттарын құру болып табылады. Бұл өз кезегінде еңбек заңнамасы тарапынан бір мезгілде екі функцияның, яғни, экономикалық және әлеуметтік функцияларды орындауды қамтамасыз етеді. Еңбек заңнамасының міндетіне еңбек қатынастары тараптарының мүдделерінің тепе-теңдігіне, әлеу­меттік тұрақтылығына, қоғамдық келісіміне қол жеткізуге  бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау да кіреді.
Әлеуметтік функцияны тағайындау жұмыскер үшін еңбек жағдайын жасау, оған еңбекақы төлеу және қорғау, заманауи адамға лайықты шарттар жасау болып табылады; экономикалық тұрғыдан алғанда жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндіктері арқылы өз жұмысында жетістіктерге жетудегі өзінің мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмыскердің еңбек құқықтары мен кепілдерінің сәйкестігін қамтамасыз ету.
Еңбек заңнамаларының сақталуы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының принциптерінен тұрады. Аталмыш принциптер нормативтік-басшылық сипатқа ие, құқықтық реттеудің барлық салаларында әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының принциптері болып табылады:
Еңбек саласында адам құқықтары мен азаматтардың құқықтарының шек­тел­уін болдырмау; еңбек ету бостан­дығы; еңбек саласында, мәж­бүрлі түрде еңбек ету және балалар еңбегінің ең нашар түрі бойынша кемсітушіліке тиым салу; қауіпсіздік және жеке бас гигиенасы талаптарына жауап беретін еңбек шарттарының құқықтарымен қамтамасыз ету; жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; жалақының ең төменгі деңгейінен төмен емес еңбегіне сыйлық беру құқығын қамтамасыз ету, демалуға деген құқығын қамтамасыз ету; жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіншіліктерінің құқықтарының тең­дігін;  өздерінің құқықтары мен мүд­делерін қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің бірігу құқықтарын қамтамасыз ету; әлеуметтік серік­тестікті нығайту және дамытуда мемлекет көмегі; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәсе­лелерін мемлекеттік реттеу.
Еңбек заңнамаларын бұзу жайттары орын алуда. Еңбек құқықтарының бұзылуы, көбінесе, жұмыс берушілердің еңбек заңнамаларының нормаларын білмеуіне байланысты орын алуда. Бірақ та, жұмыс беруші еңбек заңнамалары талаптары туралы жақсы ақпарат алса да, заң талаптарын бұзуға бару оқиғалары жиі кездеседі.
Сондықтан да ҚР Еңбек Кодексі рет­тейтін еңбек заңнамаларының талап­тарын жұмыскер де, жұмыс беруші де  қатаң сақтауға міндетті. Бұл еңбек заңнамалары еңбек қатынастарына тікелей байланысты еңбек қатынастары тараптарының құқық­­тары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, еңбек саласында құқық­тар мен бостандықтардың минималды кепілдерін қорғауда еңбек және басқа қатынастарды реттейді және нығайтады.
С.ШӘКЕНОВА,
Қарағанды облысының
мемлекеттік еңбек инспекторы.                       

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 227
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px