Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017
Қазіргі таңда қай елді мекенде бол­масын жұмыссыздардың көптігі белгілі. Осы жұмыссыздықты жою биылғы Елбасының халыққа арна­ған Жолдауында маңызды мәселе­лердің бірі ретінде аталды. Жуырда С.Сейфуллин кентінде аудан көлеміндегі жұмыссыз адамдардың санын азайту мақсатында бос жұмыс орындарына аудандық жәр­меңке өтті.
Халықты жұмыспен қамту бағ­дарламасында Елбасымыз үш ма­ңызды мәселені міндет етіп қойып отыр. Оқу мен жұмысқа ор­на­ласуға септесудің тиімді жүйе­сін жасау, ауылдық жердегі кәсіпкер­лікті дамытуға септесу, еңбек ре­сурстарының жинақылығы эко­­но­ми­калық тұрғыдан бел­сенді ор­талықтарға жұмысқа орна­лас­тыруға басымдылық беру. Міне, Елбасы Жолдауындағы маңызды мәселені жүзеге асыруды мақсат еткен аудан әкімі Р.Әбдікеровтің бастамасымен өткізілген жәрмеңкеге аудан көлеміндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ком­муналдық мемлекеттік қазынашы­лық кәсіпорындар және ірі шаруа қожалық иелері қатысты.
Аудан әкімі жәрмеңкенің негізгі мақсатын айта келіп, 211 бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды қабылдауға жәрмеңкеге қа­тысып отырған құрылымдардың ниетті екендерін ескертті. Алғашқы сөзді "Жол жөндеуші” ЖШС-нің Қарағанды темір жол жөндеу жө­ніндегі дирекциясы филиалының басшысы Т.Мейірмановқа берді.  Т.Мейірманов жұмысқа 54 адам қабылдай алатындығын, негізгі жұ­мыс "Бейнеу-Жезқазған, Шұбаркөл-Арқалық” бағытында шойын жолды төсеу және салу жұмыстары екендігін айтса, "Бапы Майнинг” ЖШС-нің атқарушы директоры С.Пиксаев 20-25 адамды қабылдай алатынын мәлімдеді. Айта кетейік,  "Бапы Майнинг”  басшылығы мен аудан әкімі  Р.Әбдікеров «әлеуметтік әріптестік  және жұмыспен қамту» жөнінде екі жақты меморандумға ресми түрде қол қойды.
Аудан әкімі қазіргі таңда 15 күндік вахталық тәсілмен істейтін жұмыстардың барын алға тартады. Бірақ, бұған жұмыссыз аза­маттардың ниетсіз екенін тілге тиек етіп, мұндай жұмыстардан қашпау керек деген ұсыныс тастады ортаға.
"Электр жабдықтау” ЖШС 5 адамға, "Шерубай Су” ЖШС нау­қандық жұмыстарға 100 адамға, "Теміржолсу сервис” ЖШС-і 4 адамға бос жұмыс орны бар екенін айтса, "Үміт” шаруа қожалығы 3 адамды жұмысқа қабылдайтын болды.
Қорыта келгенде, "Халықты жұ­мыспен қамту” бағдарламасы не­гізінде С.Сейфуллин кентінде өт­кізілген аудандық жәрмеңкенің түп­кі  нәтижесі жаман емес. Аудан көлеміндегі мекемелер мен ЖШС-лар тарапынан 211 бос жұмыс орыны ұсынылып, тұрақты жұмысқа 18 адам, қоғамдық жұмысқа 15 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адамға жолдама берілсе, 16 адам сол жерде тіркеуге алынды. Мұның сыртында кәсіптік оқуға 30 адам ниет білдіріп, 70 адам жалпы мағлұмат алды.
Ж.САҒАТ.
Шет ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 772
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px