Еңселі ордаға – елу жыл - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Еңселі ордаға – елу жыл
64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңы мен алпысыншы жылдарының басында Орталық Қазақстанда Қарағанды көмір бассейні қарқынды дамып, машина жасау, металлургия, тұрғын үй, көлік жолдары өндірістік нысандарының кең ауқымды құрылысы жүріп жатты. Сөйтіп, аймақ инфрақұрылымы мен көлік жүйесін жаңғырту қажеттілігі туындады. Соған байланысты 1965 жылы автомобиль көлігі мен автомобиль жолдарын салу инженер-механиктерін даярлау мамандығы базасында автомеханикалық факультет ұйымдастырылып, ол жетпісінші жылдардың басында жол-көлік факультеті болып өзгерді. Алғашқы деканы ретінде тәжірибелі өндірісші, бұған дейін «Қарағанды көмір» бірлестігі авто-басқармасының басшысы болып қызмет еткен В.Ли тағайындалады (1965-1976 жылдар). Ол 1972 жылы Мәскеу автомобиль-жолдар институтында диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді. В.Ли факультет деканы ретінде үлкен жұмыс жасады.  Сөйте жүріп, декандығымен бірге автомобиль жолдары  кафедрасының меңгерушісі қызметін де атқарды. Бұл – факультеттің материалды-техникалық базасының, кадрлар құрамының, ұйымдастыру жұмыстарының қалыптасу кезеңі еді.  Кейін факультетті техника ғылымдарының кандидаты Ж.Әлиев (1976-1983 және 1987-1997 жылдар), техника ғылымдарының кандидаты Т.Ынтықов (1983-1987, 2009-2010, 2013-2015 жылдар), техника ғылымдарының докторы, профессор        М.Ибатов (1997-2007 жылдар), техника ғылымдарының кандидаты Т.Балғабеков (2007-2008 жылдар), техника ғылымдарының кандидаты Е.Бестембек (2008-2011 жылдар) сынды білікті мамандар тізгіндеді.
2011 жылдың қыркүйегінде «Жол-көлік факультеті» «Жол-көлік институты» болып қайта құрылып, алғашқы басшылары қатарында техника ғылымдарының докторы Б.Тоғызбаева, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Ынтықов болғанымен, 2015 жылы институт қайтадан «Жол-көлік факультеті» болып өзгерді. Беделді факультеттің бүгінгі деканы – техника ғылымдарының кандидаты Г.Жолдыбаева.
Әр жылдары ЖКФ деканының орынбасары қызметін В.Чертыковцев, Р.Поповиченко, П.Ермоленко, С.Сағынтаев, М.Беляев, Ж.Қуанышбаев, К.Секербаев, И.Царев, И.Пак, Т.Сарсембаев, Ш.Жетпісбай, В.Шалаев, С.Қажыкенов, Б.Жандыбаев, Г.Екібаев, Н.Қоңыров, Б.Бектұров, Б.Келдияров, Д.Оспанов, А.Садықов, Л.Жылқыбаев, Т.Әлиев, Д.Бескоровайный, С.Қосбармақов, А.Жұмабеков, С.Иманбаева, Ә.Келісбеков, А.Рахымжанова сынды оқытушылар атқарып келді.
Факультет құрамындағы «Көліктік техника және логистикалар жүйесі», «Өндірістік көлік», «Қазақ тілі және мәдениеті» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» деп аталатын 4 кафедрада «Тасымалдауды ұйымдастыру, көліктің қозғалысы және эксплуотациясы», «Көлік, көліктік техника және технологиялар» сынды екі мамандық бойынша білім беріледі. Аталған мамандықтар аясында факультет құрылыс және жол машиналарын пайдалану, автомобиль көлігін пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және темір жол көлігін пайдалану, өндірістік көліктерді пайдалану бағыттары бойынша жоғары дәрежелі мамандарды даярлайды.
Осы жылдар аралығында факультетте мемлекеттік, басшылық, қоғамдық және коммерциялық қызметтердің барлық салаларында, автомобиль, теміржол және өндіріс көліктерінің ірі кәсіпорындарында, жол-құрылыс ұйымдарында басшылық қызмет атқарып келе жатқан жоғары дәрежелі 6500-ден аса маман даярланды, солардың қатарында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, ҚР Кәсіподақ Федерациясы төрағасы А.Құсайынов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтанов, Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің отставкадағы генерал-мойоры, бүгінгі таңда Халықаралық «Берекет» сауда биржасының Президенті Б.Шайманов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы, полиция генерал-мойоры И.Лепеха, ҚР ІІМ жол полициясы Комитетінің бұрынғы төрағалары, полиция полковниктері  Н.Мырзабеков пен О.Түсімов, «Қазақстан өндірістік корпорациясы» ЖШС бас директоры К.Мейрамбеков сияқты айтулы азаматтар болды.
Ірі өндіріс кәіпорындары саналатын «АрселлорМиттал Теміртау» КД АҚ, «№3 автобус паркі» АҚ, «Қазақ-стан теміржолы» ҰҚ Қарағанды тасымал бөлімі, «Қарағанды жол қашықтығы» сынды факультет кафедраларының 4 филиалында Корпоративті Университет мүшелері болып табылатын алдыңғы қатарлы кәсіпорын мамандарының қол астында біздің студенттеріміз таңдап алған мамандықтарының негізін түсінеді.
Факультеттің алдыңғы қатарлы А.Данияров, И.Янцен, А.Жұмасұлтанов, Ш.Кашик, А.Азиев, Д.Беленький, Е.Глузберг, Х.Халманов, З.Акашев, С.Малыбаев, Т.Бекенов, Ж.Қуанышбаев, Б.Харченко, М.Ибатов, А.Қадыров, В.Грузин, Т.Ынтықов, Н.Әубакіров, Ж.Әлиев, З.Молдағалиев, С.Сағынтаев, Н.Әділбек, Г.Бернардов, З.Гриншпун сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Днепропетровск, Жаңасібір, Алматы, Екатеринбург, Омбы қалаларындағы ғылыми орталарда және өзге де ғылым-білім орталықтарында жоғары бағаланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің ғылыми-білім беру қызметінің негізгі құрама бөлігі, жоғары дәрежелі мамандарды даярлаудың аса маңызды бөлшегі болып саналады. Факультетте құрылған кадрларды даярлау мектебі жоғары санатты мамандарды даярлау кезінде білім беру қызметіне қойылатын барлық талаптарға жауап бере отырып, еліміздің индустриалды-инновациялық даму мәселелерін шешуге қабілетті білікті мамандарды дайындайды. Студенттер мен магистранттар АҚШ, Германия, Ресей елдеріндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында ғылыми тәжірибеден өтеді. Сонымен бірге факультетте студенттік ғылыми қоғам (СҒК), студенттік конструкторлық бюро (СКБ) жұмыс істейді. Студенттер халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысады. Заманауи университет білім және ғылымның ғана емес, сонымен қатар, мәдениеттің де орталығы болып табылады. Факультет ұжымы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың үлгісі негізінде патриоттық тәрбие беру моделін пайдалана отырып, жастарға ұлттық, эстетикалық, рухани тәрбие беруге үлкен көңіл бөледі.
Факультеттің З.Молдағалиев, А.Қадыров, Т.Ынтықов, Н.Әубәкіров, Ж.Әлиев, С.Малыбаев, А.Дедов сынды алдыңғы қатарлы, тәжірибелі ұстаздары өздерінің теориялық білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін өздерін өндірісте алдына қойылған барлық мәселелерді шеше алатын бакалавр ретінде жақсы жағынан таныту үшін ЖКФ түлектеріне береді.
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру стратегиясы аясында факультетімізде әлемдік трендтерге сай бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған инновациялық білім, ғылым және тәрбие саясаты жасалып, қолданысқа енгізіліп келеді.
Әрине, білімді маман, білікті кадр болмай, экономикамыздың алға баспасы белгілі. Еліміздің осы қажеттіліктерін толығымен орындап, бақуатты мемлекетке айналуымызға бұл факультеттің қосар үлесі салмақты болмақ. Жарты ғасыр тарихы бар факультетімізге жақсы шәкірттер мен талғамды түлектер тілей отырып, ертеңгі күнде елімізде маман тапшылығы болмайды деп сенеміз.  

 Т.ЫНТЫҚОВ,
ҚарМТУ профессоры.
А.РАХЫМЖАНОВА,
ҚарМТУ оқытушысы.
Білім – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралы. Қастерлі қара шаңырақ ҚарМТУ-дың «Жол-көлік факультетіне» биыл 50 жыл толыпты. Елбасы тәлім алған еңселі білім ордасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҰҒА академигі, ректор – Арыстан ҒАЗАЛИЕВТІҢ басшылығымен жыл санап жаңғырып, күн санап гүлденіп келеді. Жаңашылдық пен жасампаздықтың алтын ұясына айналған жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігі, түлеткен түлегі, даярлаған мамандары ел игілігіне жарап, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 685
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px