«ЭКСПО» құрылысына екпінмен араласуда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Белгілі болғандай, «Қаз­Авиа­Спектр» басшылығы мен серіктес қазандық «МВЕН» компаниясы техникалық құжаттандыру мәселесі жөнінде біржақты келісімге келе алмаған. Ал, ұшақтарды бірнеше мәрте өз күштерімен құрастырып көрген қарағандылықтардың бастамалары сәтсіздікке ұшыраған.

Әнуар Ахметжановтың айт­уын­ша, қазір зауыт алаңы бос тұр. Алаңды іске жарату мақ­сатында бірқатар кәсіпорындар қызығушылық танытуда. Десе де, облыс басшылығы бұл алаңды жабдықталуына сай, авиациялық бағытта пайдаланушыларға бергісі келіп отыр. «Алайда, бұл мәселеде проблема көріп тұрған жоқпын. «Химия өндірісін, көлік-логистикалық кәсіпорын құрамын» деушілердің де ұсыныстарын қарастыруға әзірміз», – дейді облыс әкімінің орынбасары.

Зауыт тұсауы 2011 жылдың күзінде кесілген еді. Ұшақтар ауыл шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметінде таптырмас көмекшіге айналады деп күтілді. Кәсіпорын құрылысына жұмсалған қаржының бір бөлігі, яғни, 1 млрд. теңге «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан бөлінді. Қазіргі уақытта зауыт аталған акционерлік қоғамның кепілдігіне алынды.

Үстіміздегі жылы Қарағанды көмір қыртыстарындағы метанды барлау жұмыстары жалғасады. Елбасы тапсырмасымен бастау алған жобаны жергілікті ғалымдардың қатысуымен «ҚазТрансГаз» АҚ жүзеге асыруда.

Жоба нәтижесінде шахталар­дағы еңбек қауіпсіздігі артып, отын-энергетикалық және химия өндірісін жандандыруға жол ашылады. Сондай-ақ, Астана қаласы мен Қарағанды облысын газдандыруға мүмкіндік беретін метан газының өнеркәсіптік базасы құрылады.

Былтыр 7 ұңғыма бұрғыланды. Оның төртеуі тәжірибелік-өндірістік тұрғыда пайдаланылуда. Бүгінде алынған тау жыныстарына үш халықаралық компанияның араласуымен сараптама жүргізілуде. Сараптама қорытындылары алғашқы жартыжылдықта мәлім болмақ.

Мұндай ауқымдағы барлау шаралары бұрын-соңды атқарыл­мағандығын айтқан Әнуар Ахметжанов қоршаған ортаға айтар­лықтай зиян келмейтіндігіне сендір­ді. «Тығыз көмір қыртыстарын бұр­ғылаудың жалғыз тәсілі – гидроажырату технологиясы. Үлкен қысыммен ұңғымаға тиісті реагент жіберіліп, сол арқылы ұңғымаға газ толтырылады. Бұл орайда, «жер­асты суларына зиян келеді» деп қорқудың қажеті жоқ. Мәселе, кім және қалай жасайтындығына байланысты. Былтыр ұңғылау шараларына Қызылорда облысындағы мұнай кеніштерінде жұмыс жасап жатқан канадалық белгілі компания тартылды. Барлық қауіптер ескеріліп, экологиялық ведомстволардың зерт­теулерінен кейін рұқсат қағаздары алынды. Біз бұрғылау жұмыстарын бақылауда ұстап отырмыз», – деді Әнуар Ахметжанов.

Қарағандылық кәсіпорындар «ЭКСПО – 2017» көрмесі құры­лысына бір кісідей жұмылуда. Құрылыс материалдарын жеткізген қарағандылық кәсіпкерлер былтыр 8,3 млрд. теңге пайда тапты. Жалпы, «ЭКСПО» ғимараттарын тұрғызуға республика бойынша 32 млрд. теңгенің өнімі сатып алынғандығын ескерсек, қарағандылықтардың мұндағы үлесі ауыз толтырып айтарлықтай екендігін бағамдауға болады.

Халықаралық көрме құры­лысына жиырма жергілікті кәсіп­орынның тауары пайдаланылды. Әнуар Ахметжановтың хабарлауынша, жүзеге асқан келісімшарттардың сомасы әртүрлі. Ең ірі келісімдер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «КЗМК-Имсталькон» ЖШС-мен жа­салған. Бұл компаниялар мырыш­пен қапталған болат пен металл құрылымдарын жеткізуге мін­деттелді. Бұдан бөлек, көрме нысандарының мердігерлері қара­ғандылық өндірушілерден темір-бетон бұйымдарын, қадалар, құбыр­лар, жылыту радиаторларын, лак-бояу өнімдерін, арнайы киімдер мен өрт сөндіру құралдарын сатып алды.

Әнуар Ахметжанов өңір өндіру­шілері үшін «ЭКСПО» көрмесі құрылысының екінші кезеңі маңыз­ды екендігін айтты. «Астана Қарағандыдан небәрі 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы жақындықты біз тиімді пайдалануға тиістіміз. Қазіргі таңда құрылыстың алғашқы кезеңі тәмамдалуға таяу. Павильондарды тұрғызу жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары басталғанда біздің тауарларға деген сұраныс арта түседі деп ойлаймын», – деген облыс әкімінің орынбасары аймақ кәсіпорындары кәріз құбырлары, лак-бояу сынды тауарларды қажетті мөлшерде жеткізуге қауқарлы екендігін айтты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 202
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px