Ел бірлігін еселеп - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ел бірлігін еселеп
Нұра ауданының «Тәуелсіздік» мәдени-демалыс саябағында Қазақстан халқының бірлігі күні жалпыхалықтық тұрғыда мерекеленді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген «Бір шаңырақ астында!» мерекелік бағдарламасы ауданда мекендейтін 100-ден аса ұлт өкілдерінің ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін дәріптеді.
Тассуат және Заречное ауылдарының орыс және украин ұлттық орталықтары және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама аясында бірнеше ұлт өкілдерінің өнерлерін паш етті.  
Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов аудан тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі артып, көші ілгері жылжып, болашағы айқын боларын атап өтті.
Мереке барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас ұлан» ұйымы қатарына аудан орталығының ең үздік оқушылары қабылданды, салтанатты түрде ант қабылдады. Рәсімге аудан әкімі Н.Омарханов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Оспанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Тұраров, аудандық адагерлер ұйымының төрағасы К.Жұмаділова қатысты.
Сонымен қатар, мектеп ұжымдары түрлі этнос өкілдерінің қолданбалы өнер көрмесін және оқушылардың сурет көрмесін ұйымдастырса, «Нұра» стадионында бірнеше спорттық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздары марапатталды.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 133
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px