Ел үшін еңселі абырой - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Біріккен Ұлттар Ұй­ымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу – біздің еліміз үшін еңселі мәртебе. Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың алтын ұясына айналған Алаш топырағы қашан да тыныштық пен татулықты көкседі. Жауапкершілігі жүз атанға жүк боларлық бұл беделді бекерден-бекер иеленіп отырған жоқпыз. Елбасымыз ұстанған сындарлы да салиқалы саясат әлем жұртшылығын өзінің мызғымас тұрақтылығымен, нақты ісімен мойындатты. Жаһанда ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан саусақпен санарлық қана мемлекет бар болса, соның басында Қазақстан тұр. Сондықтан, Елбасымыздың елге жолдаған Үндеуі От­а­нымыздың қандай аб­ыройға кенелгендігінің айнымас ай­насы болды. Бұл Үндеу көшімізді өрге домалатар үлкен оқиғаға айналды.

 

Светлана ЖУМКИНА,

Жезқазған қалалық мәслихаттың депутаты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 767
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px