Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 11.12.2017
Елбасының дәрісі – жастарға тәлім!

Келешегіміздің келбетті, бола­ша­ғымыздың баянды болуы бү­гінгі жастарға тікелей байланыс­ты. Өйткені олар – «ертеңімізді жа­сайтын бүгініміз». Жастарға де­ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де  – осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта оты­рып, жастардың жағдайын жа­сауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жол­дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма­ңызы бар стратегиялар мен ма­қа­лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі. 
Білім және ғылым министр­лігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар сая­саты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі­летіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабыл­данатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.
«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты Елбасы Н.Назарбаевтың кешегі интерактивті лекциясы жас­тарды қуанышқа бөледі десек те болады. Қазақстанның түп­кір-түпкірінен жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Тәлімі мен тағылымы мол аталмыш дәріс  барысында көптеген мәселелер ортаға салынып, сараланды. Атап айтар бол­сақ, балабақшалардың жетіспеуші­лігі, әскери мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарына тапсыру кезінде жеңілдіктер ұсыну, кә­сіп­тік білім берудің хал-ахуалы, жас ғалымдардың көкейкесті мәсе­лелеріне қатысты оралымды ойлар ортаға салынды. Сонымен қа­тар, таяуда ғана жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының мақаласы мен «Қазақ­стан – 2030» стратегиясы да назардан тыс қалмады. Стратегия бойынша15 жылда атқарылған іс-шаралар нәтижесі мен келешегі айтылды.  
Тағылымды дәріс соңында жастар көп дүниені көкейлеріне түйіп, жаңа белестерді бағындыруға ерекше ынта-жігер алды. Елбасының жастарға арналған мына бір сөз­дері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «...жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке­лестік күрестен сырт қалмауға ұм­тылыңдар. Ол  үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі­ресе не істеу керектігін жете түсі­нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қа­зақстанның бәсекеге қабілеттілігі  әншейін бос сөз болып қалады». 
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.

Ербол САРМУРЗИН,
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиетінің магистранты, Жастар ісі жөніндегі 
Комитеттің маманы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 19079
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1199
count 88x31px