Ептеп-Септеп Күнкөруов - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сәлімжан ағайымыздың 1977 жылдары Саға селолық советінің төрағасы кезінде облыстық балық инспекциясынан қатынас қағаз келеді. Онда Қызбелдің бір адамы көп балықпен қолға түскені, оның тез арада айыппұл төлеуі керектігін айтқан. Айыппұл сомасы – 12 мың сом екен. Мұндай түске кірмейтін ақша ол кезде бір адамның жылдық табысына тең кезі. Актідегі фамилияны оқыса, бұл елде мұндай адам жоқ болып шығады. Ұсталған адамның есімі, әкесінің аты Ептеп-Септеп Күнкөруов екен. Бұл – құрдасы Тоқтарбай Рахалиевтің ісі екенін сезген Сәкең:

– Бұйырмасын! Мұндай адам бізде тұрмайды. Басқа жақтан ізделсін мүмкін, көрші ауылдан шығып қалар, – деп ауылдағы тұрғындардың аты-жөнін бас кітап бойынша тіркеп, мөрімен куәландырып, жауап жазып, «су аяғын құрдымға» жіберіпті.

 

Сапар ӘБІЛКӘКІМТЕГІ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 702
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px