Ер сында танылар - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ер сында танылар
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»


Ұлы Отан соғысына облысымыздан 45 мыңға жуық жауынгер аттанып, 17 мыңнан астамы қайтып оралмаған екен. Қазір арамызда көзі тірі 256 ҰОС ардагері ғана қалған. Ойланып қалдым. Жыл санап, сиреп барады. Сол сиреп кеткендердің қатарында соғыс ардагері, марқұм     Ебентай Ботпанұлы ӘБДІКӘРІМОВ те бар еді...
1924 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, Қарқаралы педагогикалық училищесін тәмамдаған Ебентай Бопанұлы Орлов жаяу әскер училищесіне жіберіледі. Алайда, 1942 жылы оқуын аяқтатпастан 686-шы артиллериялық полкінің 235-ші Витебск Қызылту «Суворов» орденді Кенигсберг дивизиясының атқыштары қатарына жіберіліп, соғыс аяқталғанша осы дивизия құрамында болды. 1943 жылы шілде айында алғашқы шайқаста гаубица оғынан миына зақым келеді. Дегенмен, майдан даласынан кетпей, екі күннен кейін Орел қаласын азат етуге қатысады. Сол жылдың қыркүйек айында КСРО Маршалы Баграмянның қол астында Калинин майданында, ал, майдан соңында Чернявский, Васильевский және Рокоссовский сынды қолбасшылардың қарамағында шайқасады. 1945 жылы қаңтарда Висла өзенінен тездетіп өтуге, Тильазит және Рагнит қалаларын алуға ат салысады. Осы қаңтарда неміс батальонына қарсы шабуылдар жасап, Гросс Фридрихсдорф кентіне бекиді де, сегіз күн өткеннен кейін Кенигсбергке кіре берістегі әуежайды алу кезінде екінші рет миына зақым келіп, оның үстіне жеңіл жараланып, он екі күн Шығыс Пруссиядағы дала госпиталінде жатады. Кейін өз әскери бөліміне қайтып оралып, Кенигсберг қаласын шабуылмен алуға және неміс әскерінің Померанск тобының көзін жоюға қатысады. Соғыстан кейін 2025-ші гаубицалық-артиллериялық жеке бригадасына ауыстырылды. Сөйтіп, әскери қызметтен тек 1946 жылы қайтарылды. Ерлігі еш кетпей, екі жыл қатарынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (1943-1944 жылдар), ІІІ дәрежелі «Даңқ» (1944 жыл), «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордендерімен (1945 жыл),  «Кенигсбергті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен (1945 жыл) марапатталды. 1945 жылы 1 қазанда Рокоссовскийден арнайы Алғыс хат алды. 1944 жылы КОКП мүшелігіне қабылданды.
Соғыстан келгеннен кейін Ебентай Бопанұлы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектебінде мұғалім, осы қаладағы жеті жылдық мектепте директор, Қарағайлы кентіндегі орта мектепте ұстаз болып, 39 жыл өмірін халық ағарту ісіне арнады. Көптеген грамоталармен, 1981 жылы 24 қыркүйекте «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталып, арада бір айдың жүзі өтер-өтпестен 13 қазанда қазақтың біртуар азаматы мәңгілік сапарға аттанды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 131
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px