ЕРДІҢ – ЕЛГЕ СЫЙЫ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Енді, Гена кәсіби рингте тапқан қаражатын Қазақстан экономикасына инвестиция ретінде құятын болды. Облыс орталығында Қа­рағанды қабыланының қатысуы­­мен көмір байыту кәсіпорны ашылады.

Игі  істі қолға алған құрыл­тайшылар қатарында өңірдің кәсіпорындары мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да бар.

Генаның мұндай шешім қабыл­дауына Елбасының сөзі түрткі болған.

– Нұрсұлтан Әбішұлының «Қар­сыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» деген сөздері жаныма жа­қын тиді. Міне, ел экономикасына инвестиция салу туралы шешім қабылдадым. Отан үшін жақсы іс тындырудан артық не бар?! – деді Геннадий Головкин. 

Жалпы, жаңа фабрикада 150 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна көмір өндіруге сәйкес келеді. Өндіріс ошағының ашылу салтанаты 5 шілдеге жоспарланып отыр.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 783
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px