Ерлер рухына – ерекше құрмет - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ерлер рухына – ерекше құрмет
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы облыс орталығындағы майдангерлер монументіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды.
Өшпес ерлікке өлшеусіз іл­типат­пен құрмет көрсетушілер санатында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов, ҚР Ішкі әскерінің арда­гері генерал-майор Ерсайын Шамғонов, Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер қызметінің ардагерлері, тыл еңбеккерлері және мектеп оқушылары болды.
Іс-шара барысында Отан ал­дындағы міндетін абыройлы ат­қаруы арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткізіп, өзгелерге үлгі-өнеге көрсеткен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.
Өткенді ескеру, тарихты тану секілді қажеттіліктерді назарда ұс­та­ған өңірлік қолбасшылықтың ұтымды негізде ұйымдастырған іс-шарасы – аталған тараптың осы тектес әрекеттерінің жалқы ғана мысалы. Өйткені, мұнда қоғамдық маңызы зор ілкімді істер жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 180
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px