Ерлікті ұлықтап - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ерлікті   ұлықтап
Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар елімізде толастамақ емес. Себебі, осынау шұғылалы бейбіт күнді ұрпаққа сыйлаған сұрапыл соғыс куәгерлеріне қанша құрмет көрсетсек те, артық етпейді.
Қарағанды облысы МКҚБ басшылық құрамы және 1-інші полиция батальонының жеке құрамы Ұлы Отан соғысының және ІІБ Күзет басқармасы қызметінің ардагері, отставкадағы полковник Николай Васильевич Волдыревке арнайы құттықтай барып, сый-құрмет көрсетті.
Николай Васильевич 1927 жылы дүниеге келген. 1944 жылы он жеті жасқа енді толған жасөспірім 1138-інші полктің 338-інші атқыштар дивизиясының құрамында соғысқа аттанады.
Зұлмат соғысты бастан кешкен, қан майданның ортасында от кешкен жауынгерлер ерлігін келер ұрпаққа жеткізу – әрқайсымыздың парызымыз.
С.АЛИЛЕНОВ,
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1-інші полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 143
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px