Ерлікті ұлықтау – елдікті ұмытпау - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Аталмыш іс-шара аясында 500-ден аса адам қатысқан «Мәңгілік полк» шеруі ұйымдастырылып, құрбандар рухына құрмет белгісі – ескерткішке салтанатты жағдайда гүл шоқтары қойылды. Қала басшысы Ғалым Әшімов қалың қауымды ұлық мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің ұлағатты тәлімдеріне қатысты сөз өрбітті.

Сол күні қаланың басты көшелерімен мерекелік автошеру өткізілді. Жеңіл атлетика жарысына қатысушылар бәсекенің «қазанын қайнатса», ұлттық ойын «Асық атудан» ұйымдастырылған қала біріншілігіне қатысушылар саны да аз болмады. Ал, Ұлы Отан соғысы ардагерлері өздеріне арналып жайылған кең дастарқан басында арқа-жарқа әңгімелесіп, мамыражай күй кешті. Дала асханасындағы ас-су, ұйымдастырушы тараптың дархан пейілі, мерекелік сауда-саттық, тартымды концерттік бағдарлама өзара әдемі үйлесім тауып жатты.

– Ұрпақтар сабақтастығы ұғымы осы мереке аясында айрықша көрініс тауып отыр. Атаулы күн қарсаңында қала әкімі, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік, сондай-ақ, мемлекеттік емес мекеме-кәсіпорындардың басшылары майдангерлерді үйлеріне барып құттықтады. Арнайы тарту-таралғы тапсырды. Сонымен қатар, барлық жоғары және орта оқу орындары мен білім беру, тәрбие ошақтарында, мәдениет мекемелерінде алуан түрлі тақырыптық іс-шаралар мен көрмелер, кездесулер, аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетулер өткізілді. Денсаулық сақтау ұйымдарында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Ең бастысы, сол әрекеттердің барлығы бұқараның көңіліне қонымды болып, халық бірлігін нығайтуға, өзара түсіністік пен сенімді арттыруға септігін тигізе түсті. Бұл – біздің басты жетістігіміз, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Динара Жүнісова.

Осындай мазмұндағы іс-шаралар Ақтау кентінде де жоғары деңгейде өткерілді.   

 

ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 145
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px