Ертеңге деген сенім - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Елбасының Жолдауын қазақстандықтар жыл сайын үлкен үмітпен күтеді. Жолдауда қандай мәселелер көтерілетінін, еліміздің алға қай бағытта адым басатынын еліміздің әрбір азаматын толғандырмай қоймайды.

Елбасының бір сөзі де бекер айтылмайтынын, ал айтылған нәрсенің орындалатынын білетін ел Жолдауды ашық-жарқын көңілмен қарсы алды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Жолдау туралы еліміздің белгілі бетке ұстар тұлғалары өз ойларын білдіріп, ризашылықтарын білдіріп жатты. Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2016 жылға арналған Жолдауы халықаралық қауымдастықтың да назарын аударды.

Жолдаудағы ең бастысы қазіргі әлемдік дағдарыс белең алған кезде қол қусырып отырмай, Отанымызды «Мәңгілік Ел» ету үшін, еліміз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру мақсатына жетуі керектігі де сөз етілді. Ол үшін «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», – деді Н.Назарбаев. Жолдауда Елбасымыз азаматтарды үнемшілдікке шақырды. «Өйткені, бүгінгі жаңа экономикалық жағдай пайдасыз шығындарды көтермейді», деді Мемлекет басшысы. Сөйтіп, Елбасымыз үш ұстанымнан тұратын ел алдындағы, мемлекет пен мемлекеттік органдар алдындағы бес негізгі міндетті белгіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің айлығы – 28 пайызға, білім саласында жұмыс істейтін азаматтардікі – 29 пайызға, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінікі – 40 пайызға, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы – 30 пайызға көтерілуі, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бойынша енгізілетін жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы халықтың болашағына зор сеніммен қарауына мүмкіндік берді. Осылай, бұл Жолдау да ел тарихының тағы да бір жаңа бетін ашты.

Басқармада Жолдау қызу талқыланды. Қызметкерлердің ертеңгі күніне деген көптеген мазалап жүрген сұрақтарына жауап алынып, жүректерінде өздерінің болашағына кәміл де, жарқын екеніне сенімділік ұялады.

Еркін ШАЙМАҒАНБЕТОВ,

ҚР ҚМ ҚК Қарағанды облысы

бойынша қазынашылық департаментінің Октябрь аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.


 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2626
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px