И - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

И
Мағауия СЕМБАЙ,
«Орталық Қазақстан»

Қазақтың тілінің алдына тү­сетін араб тілі ғана дейді білетін ағаларым. Орыс тіліне ағып тұрсақ та, араб пен әлем тіліне айналған ағылшынға келгенде мақұрымбыз. Ұлтымыздың қасіреті болар. Солай бола тұра, қазақ бір ғана әріппен сөзге мағына бере алады.
«У» мен «И». У-ымыз белгілі. «И» не мағына береді? Басқа тілдерде «и» қатаң дыбысталады. Қазақта жұмсақ.
«Басыңды и», «Темірді и» дейді атам қазақ. Жауына басын имесе де, Қажымұқан атамыз­дай талай бабамыз теміріңізді де илей берген ғой. Содан қанша сөз шыққан. Санап бітіре алмадым. Тері илейді, нан илейді, саз илейді... Иі қанбаған, иіп тұр, исініп кеткен, иленбеген... Бар білетінім – осы. Қазақтың тілі мұхит қой. Жағалауында ғана жүргендейміз.
Егеулі найза қолға алып, қол төңкерген Махамбет атамызға да Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Ақтамберді бабаларымыздай ақындық дарын дарыған. Махамбеттің 200 жылдық тойы ЮНЕСКО-ның мұрындық болуымен Парижде өткен. Сонда өзі батыр, өзі ақын бабамыздың өлеңдерін француз, испан, ағылшын және басқа тілдерге аударып қойыпты. Бір өлеңі ғана қазақ тілінде жазылыпты. Рухы шарасынан асып тұрған бір ағамыз «бұл қалай?» деп сұраса керек. Француздар: «Бұл өлеңін бүкіл тіл білетін әлем ғалымдары жиылып аудара алмады. Не деген сұмдық? Қазақ тіліне жететін тіл жоқ екен» деп тізесін бүгіп, мойындапты. Сол өлеңін оқып көр, «Орталықтың» оқырманы.
Арқаның қызыл изені,
Түбі күрдек, басы арал,
Қыдыра шалар аруана,
Еліңде қарияң болмаса,
Жастарың болар диуана!!!
Бір сынаған жаманды,
Екінші қайта сынама,
Тіршілікте сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама!!!

♦ ♦ ♦

Бүкіл тіршілік иесін бір Алла жаратқан. Соның ішінде осы құмырс­қаға осынша мейірі неге түскен деп ойлаймын. Қазір көктем. Қыста құмырсқа дамылдайды. Илеуін қараңыз. Иі қанған ғимарат деуге болады. Біздің үйіміздің, күйіміздің иі қанбағандай ма деп ойлаймын.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 156
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px