Ілкімді істермен танысты - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Бейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданына барды. Сапар барысында Көкпекті ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның аяқталып қалған құрылысымен танысты.

Амбулаторияның құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Үстіміздегі шілдеде тәмамдалады. Күніне 20 қабылдауға арналған нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынуда.

Құрылыс жұмысына облыстық бюджеттен 102 млн. 7 мың теңге бөлінген. 4154 адамға, оның ішінде 613 балаға қызмет көрсететін болады. Жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, акушер, зертхана қызметкері және 6 медбике жұмыспен қамтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Бұқар жырау ауданында жыл басынан бері 3 селолық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Тағы екі типтік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, осы сапарда Асылбек Дүйсебаев «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» бағытындағы күрежолда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын және Құлса өзенінің үстінен өтетін көпірдің аяқталуға таяу құрылысын аралап көрді. Аталған көпір былтырғы тасқында зардап шеккен еді.

Атқарылған жұмыстар туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин айтып берді. Ал, облыстағы барлық көпірлердің жағдайы жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә Санаубаров баяндама жасады.

Сапар қорытындысында Асылбек Жексенбайұлы жауапты мекемелер басшыларына орындалуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2318
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px