Ілтипат - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ілтипат
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»


Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің басшысы, генерал-майор Мергенбай ЖАППАРОВ Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагері Асылхан ОМАРХАНОВТЫҢ шаңырағына арнайы барды.
92 жастығы Асылхан Омарханов – ішкі істер қызметінің ардагері. Отставкадағы подполковник. «Орловск-Курск доғасындағы» шайқастарға, Орел, Курск, Брянск, Смоленск қалаларын азат етуге қатысқан. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, көптеген мемлекеттік марапаттармен марапатталған. Елге оралған соң, 1951-1974 жылдар аралығында ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
Арнайы барған Мергенбай Баймендіұлы ардагерге зор денсаулық тілеп, бағалы сыйлықтарды, қаржылай сыйақыны табыс етті. Әріптестері тарапынан білдірілген ерек құрметке көңілі босаған ақсақал өз кезегінде мәртебелі меймандарға әкелік алғысын жеткізді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 135
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px