Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын – ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын – ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мемлекет басшысының  тапсырмасын орындау үшін, 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсетуге және бөлінген мемлекеттік қаражаттарды толық игеруге бағытталған Ип­о­текалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жандандыру мақсатында Ұлттық Банктің Басқармасы 2016 жылғы 17 наурызда Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Түзетулер мынадай мәселелерге қатысты болды:
1) банктердің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың (ПКҚ) салымын игеру кезеңі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды;
2) Бағдарламаға қатысушылардың тізбесі кеңейтілді;
3) Бағдарлама шеңберінде халық­тың әлеуметтік жағынан осал топтары (ХӘОТ) санатына қарызды алу кезінде және (немесе) оны қарызды төлеу кезінде сатып алған «мүгедек балалары бар немесе оларды бағып отырған отбасылар» санаты бойынша аталған мәртебеге ие, бұл ретте аталған мәртебесін 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоғалтқан қарыз алушылар жатқызылды;
4) мынадай:
- 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепіл берушінің және оның қарыз алушы болып табылмайтын жұбайының (зайыбының) тұрғын үйінің жалғыз болуы бойынша;  
- 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлкінде екіден астам отбасының мүшелері (туыстары) тұратын (ресми тіркелген) қарыз алушыларға арналған тұрғын үйдің ауданы бойынша шектеу жойылды;
5) Бағдарлама меншігінде:
- Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін баспанадан бөлек «жеке тұрғын үй құрылысы» нысаналы мақсаты бар қосымша жер телімі;
- қарыз алушы мен оның отбасы нақты тұратын, қарыз алушы мен оның жұбайының (зайыбының) жалғыз жылжымайтын мүлкі болып табылатын, тұрғын үйге жатпайтын үй-жай (мысалы, коммерциялық жылжымайтын мүлік, саяжайдағы үй және т.б.) бар қарыз алушылар енгізілді;
6) банктердің қарызды қайта қар­жыландырудан бас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағым­дарын қарау жөніндегі комиссияның ұсы­нымы бойынша банк қарызды қайта қаржыландырған жағдайда банктің ПКҚ салымын мақсатсыз пайда­ланғаны үшін төленетін тұрақсыздық айыбының күші жойылды;
7) банктің қарызды қайта қар­жыландыру туралы қабылдаған оң шешімі жөнінде қарыз алушыны хабардар ету міндеті белгіленді, сондай-ақ банктің қарыз алушымен қарызды қайта қаржыландыру туралы шартты жасау мерзімі (банктің қарызды қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 15  жұмыс күнінен аспайды) көзделді. Бұл мерзім банкке қатысты емес себептер және т.б. бойынша шарт жасауға кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды.  
Басқа өзгерістер туралы Ұлттық Банктің сайтынан «Қаржылық қыз­меттерді  тұтынушылардың құқық­тар­ын қорғау» бөлімінен танысуға болады.
Банктерге 2016 жылғы 15 наурыз­дағы жағдай бойынша 19 833 өтінім берілді, олардың ішінде 12 956 өтінім бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды (79,8 млрд. теңге).
Бағдарлама бойынша түсіндір­мелер мен консультацияларды, Қара­ғанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалында, Ұлттық Банкінің сайтында (http://www.nationalbank.kz) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқық­тарын қорғау» бөлімінде, сондай-ақ мына телефондар бойынша: +7 (7212) 41-93-71 алуға болады.
ҚРҰБ РММ Қарағанды филиалы­ның баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 204
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px