Ізденіс ізсіз кетпейді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Жақында қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен облыс орталығындағы орыс тілді мектеп оқушылары арасында Х ғылыми-ізденушілік конференциясы өтті. №3 гимназия қабырғасында болған шараға 5-10 сынып оқушылары қатысты. Ғылыми конференцияға түрлі тақырыптағы бірқатар жұмыстар ұсынылды. Олардың ішінде, «Абай шығармаларындағы теңеулер», І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы қосарлама қос сөздердің кездесуі», «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың емдік қасиеті» және басқа да жұмыстарды айрықша атап өтуге болады.

Білімділер байқауының жеңімпазы болып №38 гимназияның 5 сынып оқушысы Д.Алексеенко танылды. Екінші орында №64 мектептің 8 сынып оқушысы А.Дамирова мен №93 гимназияның 10 сынып оқушысы Ж.Байқанова иеленді. Үшінші орынды үш адам: №35 мектептің 9 сынып оқушысы С.Чудинович, №77 мектептің 9 сынып оқушысы Д.Жазықбекова және №82 мектептің 8 сынып оқушысы Д.Тюфтина бөлісті.

Жұмыстарымен ерекшеленген қатысушылар қалалық білім бөлімінің сертификаттарына ие болса, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.

 

Күмісай БҮРКІТБАЕВА,

№33 мектеп-балабақша

кешенінің мұғалімі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 695
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px