Ұйымшылдықпен атқаруда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ұйымшылдықпен атқаруда
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»
Қарқаралы ауданының елді мекендерінде көктемгі екіайлық санитарлық тазалық жұмыстары ұйымшылдықпен жүзеге асуда.
Барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары мен жеке кәсіпкерліктерде өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстары әр бейсенбі және сенбі күндері жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, ауданның әрбір тұрғыны бұл іске белсене атсалысуда.
Бүгінгі күнге дейін 600-ден аса ұжым, яғни, 8000-ға жуық адам шараларға қатысты. 170 гектар аумақ тазартылып, 52 техника күші жұмылдырылды. «Жалпыұлттық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ауданда 2500 түп ағаш отырғызу жоспарланған еді. Бүгінде 700 түп қарағай мен терек шыбықтары өз орнын тапты.
Бұдан бөлек, Бесоба-Қарашоқы, Бақты және Көктас ауылдарының 18 шақырымды құрайтын ішкі жолдарына қиыршық тас төгіліп, тегістелді.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 203
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px