Көңілімізді көтеріп кетті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Көңілімізді көтеріп кетті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында ауыл әкімінің қолдауымен Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы мәдени-сауық орталығының  өнер ұжымы  Егінді  ауылына келіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап кетті.
Тұғырдағы Тәуелсіз елдің тойы осылай өтсе керек-ті. Аудан, қала, жалпы, жоғары жақ ауылдарға мойнын бұрып тұрса – тәуелсіздігіміз бұдан да гүлдене түсер ме еді, кім біледі?! Аталған өнер ұжымының концерті ауыл халқының көңілінен шықты. Қалалықтар көрсеткен өнер ғой, жергілікті жұрт сүйсіне тамашалады. Патриоттық  және  лирикалық  әндер шырқалды. Өнерпаздар билеген би де халық көңілінен шықты. Қала өнерпаздары ұйымдастырған осындай шараның өзі ауылдағы ағайынды рухани жағынан бір көтеріп кетті.  Бұл ұжымның  алғашқы  гастрольдік сапарының Егінді ауылында өтуіне әріптестері, осы ауылдың тумасы, өнерлі азамат Сабыржан Кеделов  мұрындық болды.
Ауыл халқы  шығармашылық ұжымның  концерттік бағдарламасына зор ықылас танытты. Ауыл әкімі М.Ахметов ұжымды бастап келген орталықтың директоры Нина Андрейқызына ауыл халқы атынан ризашылығын білдіріп,  Алғыс хат және Ұлытау тарихынан сыр  шертетін кітап сыйға тартты.
 
Г.АХМЕТОВА,
мәдениет үйінің әдіскері.

ҰЛЫТАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 533
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px