Күн тәртібінде – маңызды мәселе - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Күн тәртібінде – маңызды мәселе
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Бейсенбі күні Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіпкерлер қауымдастықтары мен кәсіпкерліктің түрлі салаларын қамтитын қоғамдық бірлестіктер жетекшілерінің қатысуымен Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес жұмысына департамент басшысы Азамат  АХМЕТОВ төрағалық етті.
Департамент басшысы – Кон­сультативтік кеңес төрағасы Азамат Қуатұлы өзінің кіріспе сөзінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік бел­сенділігін қалыптастыру және сыртқы экономикалық іс-қимыл­дарға қатысушылар мен салық төлеушілерге қолайлы жағдайлар тудыру бағытындағы жұмыстарды ширата түсу кеңес қызметінің басты міндеті болып табылатынын атап өтті.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салалық бағыттағы заң­намаға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда салық төлеушілер үшін банкроттық пен оңалту мәселелері – өте өзекті. Соған орай, Консультативтік ке­ңес отырысының күн тәртібіне Қазақстан Республикасының «Оң­алту және банкроттық туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты сауал шығарылып, қарастырылған тақырып бойынша егжей-тегжейлі сөз қозғалды.
Консультативтік кеңестің бұған дейінгі отырысында Кәсіпкерлер мен сервистік қызмет көрсетушілердің қазақстандық қауымдастығы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің директоры Ермек Әбілдиннің баяндамасы тыңдалып, оның нәтижесі бойынша «Ұлар МК» ЖШС-інің қоршаған орта үшін эмиссия төлемін төлеуіне қатысты мәселені күн тәртібіне шығару туралы шешім қабылданған болатын. Кеңесте аталған бағытта атқарылған жұмыстар қорытындысы жайлы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті камеральдық бақылау басқармасының басшысы Бауыржан Қабдыраш хабарлама жасады.
Жиын түйінінде Консультативтік кеңес отырысына қатысушылар салық және кеден заңнамалары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.     

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 212
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1088
count 88x31px