Күн тәртібінде – өзекті мәселе - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Жер қойнауын пайдалану сала­сында атқарылып жатқан жұмыс­тар туралы облыстық өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев қыс­қаша баяндама жасады. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы қорытындыға сәйкес, облыс көлемінде құрылыс тастарына қатысты – 28, құм-қиыршық тас араласына қатысты – 12, әктасқа қатысты – 7, балшық бойынша – 6, құмға қатысты – 4, кварцит бойынша – 2, гипс бойынша – 2 және тұз, доломит, құмайтқа қатысты бір-бір келісім-шарттан жасалған. «Орталыққазжерқойнауы» ӨД-нің өткен жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарт міндеттерін орындауға сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы негізінде пайыздық ара қатынас бойынша қаржылық міндеттемелерді орындаушы жер қойнауын пайдаланушылардың тізімі жасалды. Келісім-шарт міндеттемесін 30%-дан төмен орындаған жер қойнауын пайдаланушылардың саны – 21. Келісім-шарт міндеттемесін 100 пайыздан жоғары орындаған 26 жер қойнауын пайдаланушы бар.

Келісім-шарт міндеттемесін орын­дамау туралы мәселе жақын арада өтетін сараптау комиссиясында қарастырылады. Жер қойнауын пайдаланушылар негізді себептерін ұсынбаған жағдайда, келісім-шарт біржақты тәртіппен бұзылады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша облыстың ауыл шаруа­шылығы басқармасының басшысы Бауыржан Асанов ақпарат берді. Басқарма басшысының айтуынша, «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «2016-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысында қой шаруашылығын дамыту» шебер жоспары әзірленіп, 2020 жылдың аяғына дейін қой басын 1,2 миллионға және қой еті өндірісін жыл сайын 2,5-3,0%-ға өсіру жоспарланып отыр екен. Осыған байланысты, ҚР «Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен» ұзақ мерзімге меморандум жаса­л­­­­ған. Сөйтіп, облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасы қазіргі экономикалық жағдайды назарға ала отырып, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы­ның шарттарына сәйкес қой шаруашылығын дамытудың бірқатар мақсаттарын айқындапты. Бүгінгі таңда облысымыздың қой шаруашылығы қылшық жүнді қойлар мен жартылай қылшық жүнді қойларды өсіруге бағытталып отыр. Биылғы жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша облысымызда 1178,4 мың қой бар екен.

Облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов бала­лар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілгенін айтады. Биылғы жылы балалардың демалысы мен сауығуына жергілікті бюджеттен 234,2 млн. теңге бөлу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2 млн. теңгеге төмен. Атап айтатын болсақ, қаржыландырудың төмендеуі Ақтоғай (13,4 млн. теңгеге), Жаңаарқа (4,5 млн. теңгеге), Шет (9,3 млн. теңгеге) аудандарында байқалып отыр. Сондай-ақ, Балқаш (9,4 млн. теңгеге), Теміртау (3,7 млн. теңгеге) қалалары мен Ұлытау (2,1 млн. теңгеге), Нұра (855 мың теңгеге) аудандарында аталған мәселе бойынша қаржыландыру көлемі көбейген. Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің сауығуына облыстық бюджеттен 26,1 млн. теңге бөлінді. Бұл барлық тәрбиеленушілерді қамтуға жеткілікті. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен патронаттық тәрбиедегі және қамқоршылықтағы балалардың 58%-ын қамтуға жеткілікті қаржы бөлінді. Салыстырмалы түрде қаржы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда, 5%-ға артты.

Жиын соңында аймақ басшысы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігі мен жатын орындары, азық-түлік мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 339
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px