Көп қаржының қажеті жоқ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Көп қаржының қажеті жоқ

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Әйгілі есімдер көше атауларынан көрініс табуы – құптарлық іс. Әйтсе де, бар жұмыс осымен бітпейді. Тиісінше, мекен-жай тақташаларын да ауыстыру қажет...
«Екараганда» сайты көшедегі тақташаларға жұмсалатын қаржыны есептеп шығыпты. Мәселен, жақында Қарағандыдағы Театральная көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Тиішбек Ахановтың есімін беру туралы шешім жасалды (Үкімет жанындағы ономастикалық комиссия құптаса, көше ардагердің есімімен аталмақ). Бұл көшенің ұзындығы – 1,3 шақырым. Көше бойында барлығы – 69 нысан бар. Осы ғимараттардың әрқайсысына орнатылатын әр тақташаның құны – 400 теңге. Әр нысанға бір тақташадан бекіткеннің өзінде (кейбіріне екі тақташа қажет болуы мүмкін) 27600 теңге жұмсалады екен. Бұл – орнату жұмыстары ақысын санамағандағы сома. Біздіңше, аса мол шығын емес сияқты. Тұлғаға құрмет көрсету үшін көп қаржының қажеті жоқ екен.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 215
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px