«Көп түкірсе – көл» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«Көп  түкірсе  –  көл»
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»
Жыл сайынғы аудан әкімінің халықпен есептік кездесуі Қарқаралыда жақсы үрдіске айналды. Ауыл халқы көкейінде жүрген ой-пікірлері мен талап-тілектерін бүкпесіз жеткізіп, өтініштерін білдіріп жатады. Ұсыныстар аудан басшыларының жіті назарына алынып, қажетті іс-шаралар жүзеге асып, шешімін табуда. Сондай ілкімді істің жақында куәсі де болдық.
Аудан әкімі Халел Мақсұтов Қайнарбұлақ ауылдық округіне барып, есеп беру жиынын өткіз­генде, ауыл тұрғыны Айгүл Нұр­хасенова үйінің өртеніп кеткендігі, жолдасының қайтыс болғандықтан, бес баласын жалғыз өзі өсіріп отырғандығы жөнінде өтініш жазып, аудан басшысынан баспанамен көмек көрсетуін сұраған болатын. Осы өтініш аудан басшысының бақылауында болып, аудан халқына көпбалалы анаға қолдан келгенше қолдау көрсетуге ұсыныс білдірген еді. Айналдырған 1-2 айдың ішінде бұл мәселе де шешіліп, «Көп түкірсе, көл болар» дегендей, аудан халқының қолдау-көмегімен Айгүл мен оның балаларына тұрғын үй сатып берілді. Осы отбасының қуанышын бөлісуге барған аудан басшысы құтты болсын айтып, тоңазытқыш сыйлап, азық-түлік, тәтті-дәмді салынған қапшық ұсынды.
Ауыл тұрғындарының атынан сөйлеген  Қапиза апа: «Осындай ізгі шараны жүзеге асырып отырған аудан әкімі Халел Мұқатайұлына, ауыл әкімі Қизат Жәукенұлына аналық алғысымды білдіремін. Мына баламның алған отауы ордалы болып, іші құтты болсын, бақ-береке, бақыт қонсын. Жолдасыңның көрмеген қызығын балалары көріп, балапандарыңды өркендете бер, құлыным. Көмек көрсеткен барлық азаматтарға денсаулық тілеймін, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңіз жемісті, тұрмыстарыңыз келісті болсын», – деп аналық ақ тілегін жеткізді. Осындай ыстық ықыластарын Рымхан ата мен Мәкен апа да білдірді.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.  
Суретті түсірген Т.ХАМИТОВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px